kz
RU EN

Сенімділікті қамтамасыз ету бөлімінің Сапаны басқару тобының Дәнекерлеу жөніндегі кеңесшісі

4407
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі Келісім-шарт бойынша
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Svetlana Chzhen
E-mail Svetlana.Chzhen@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
RE бөлімінің сапаны басқару менеджеріне есеп береді. ТШО-ның басқа да сапаны қамтамасыз ету жөніндегі инженерлерімен, ТШО-ның жобалау топтарымен және сенімділікті қамтамасыз ету бөлімінің механикалық тұтастық тобымен әрекеттеседі. Сапаны басқару жөніндегі менеджерге мерзімді есептемені дайындайды. Дәнекерлеу үрдістеріне келесіні қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін техникалық қолдау көрсетеді: жоюалау жұмыстарына арналған дәнекерлеу бойынша дайындалған талаптарды тексеру және түсініктеме беру, дәнекерлеу үрдістеріне қатысты құжаттарды тексеру (алдын-ала тексеру мен сынау жоспарын, дәнекерлеу картасын қоса алғандағы дәнекерлеуге арналған процедуралар, дәнекерлеу үрдісіне қатысты сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) бойынша процедуралар. Сарапшы ретінде сапамен қамтамасыз ету бөлімінің өкілдеріне техникалық қолдау мен тәлімгерлік қызмет көрсетеді. Компанияның нормтивті құжаттамасын жоспарлы түрде тексеру аясында ТШО-ның процедураларын, техникалық сипаттамалары мен стандарттарын қайта қарауға, сонымен қатар Шеврон компаниясының басқа өндірістік нысандарындағы қолданыстағы талаптар мен тәжірибені бейімдеуге белсенді түрде ат салысады.
Дәнекерлеу немесе материалтану саласында жоғары техникалық білімнің болуы керек, сапаны басқару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы керек. ҚР-да берілген немесе шетелде алған дәнекерлеу жөніндегі сертификаттың болуы артықшылық. Дәнекерлеу үрдісі саласында аз дегенде 10 жыл және дәнекерлеу жөніндегі инженер лауазымында аз дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Дәнекерлеуге қатысты өндірісті пайдалануда, сонымен қатар мұнай-газ саласында техникалық қызмет көрсетуде және зауыттағы ірі күрделі жөндеуде жұмыс тәжірибесінің болуы керек. ASME, API, ASTM, NACE және т.б. қоса отырып, жергілікті және халықаралық стандарттарын терең білу. Әр түрлі материалдар және қоспалармен, оның ішінде никель, хром мен молибден, жоғары қоспаланған металдармен жұмыс тәжірибесінің болуы. Сапа саласындағы жұмыс тәжірибесі ауқымды болуы керек, сонымен қатар ірі жобаларда, аудит пен бақылауды қоса алғанда, көшбасшы ретінде жұмыс тәжірибесі болуы керек. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдысының болуы. Жобаның бюджеті мен күнтізбелік жоспарын дайындау тәжірибесі болуы керек. QMS және MMS жүйелерінде компьютерлік сауаттылықтың болуы керек. Қауіпсіздік мәдениетінің дамуына және қауіпсіздіктің үлгі тұтарлық көрсеткіштерімен қамтамасыз етуге берілгендікті таныту.
Tengiz 28/28

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі
Болашақ – Атырау компаниясындағы Халықаралық әйелдер күні
Алғыс айту күні
Кез келген компанияның өмірі тек кәсіби бағыттармен шектелмейді.