kz
RU EN

Біздің тобымызбен танысыңыз

Болашақты жетістіктерге жеткізудің қайнар бұлағы – адамдар.

Біздің көп ұлтты кадрларды өздерінің бай тәжрибесі мен дағдыларын қолдана отырып , табыстарға жеткізу үшін жедел де оралымды басқаратын мықты тобымыз бар. Қазақстандық кеңселеріміздегі қызметтерге көп тілді меңгерген қазақстандық мамандар жинақталып, әзірленген, оларға мұнай-газ өнеркәсібі саласында халықаралық деңгейде қызмет көрсете алатын , сондай-ақ Қазақстанда бизнес жүргізуден зор тәжірибеге ие шетелдік және қазақстандық азаматтардан тұратын атқарушы топ басшылық етеді.

Куинтин Голди

Топтың басқарушы директоры
2010 жылдың қараша айында алғаш рет «Болашақ» компаниясына өндірістік мәселелер бойынша директор ретінде келген Куинтин Голди, 2011 жылдың шілдесінде басқарушы директор лауазымына тағайындалды. Кейіннен Куинтин Болашақ компаниялар тобына енетін барлық компаниялар үшін толық жауапкершілікке ие басқарушы директор лауазымына тағайындалды. Куинтин мұнай-газ, құрылыс салаларында кең ауқымдық техникалық, өндірістік қызметтер көрсетуде 35-жылдық тәжірибе жинаған. Куинтин Бакуда өнеркәсіптік қызметтер ұсынатын компанияны табысты басқарып, кейіннен ол компанияны Қазақстандық нарыққа шығарды. Компния жедел дамып, өнеркәсіптік қызметтерді харықаралық деңгейде көрсететін ірі жеткізуші компанияның иелігіне өтті. Куинтиннің халықаралық жобалар мен мұнай газ саласындағы құрылыс жұмыстарын басқаруда кең ауқымды жұмыс тәжірибесі мен білімі бар. Оның осы көп жылдық жұмыс тәжірибесі, білімі мен өз ісіне шынайы берілгендігі Болашақ компаниясын басқаруына да зор үлесін қосты. Куинтин Болашақ компаниялар тобының қауіпсіздік мәдениеті мен жұмыс сапасын алға бастыру, сондай-ақ компаниялар тобының басқарушы құрамын әрі қарай дамыту мәселеріне ерекше көңіл аударады. Куинтиннің басшылығымен, Болашақтың нарықтағы жайғасымы едәуір жақсарып, бүгінгі таңда, компания келешек жылдарда әрі-қарай өрлеу үшін тиімді орнын алып отыр.

Джеймс Муллинс

Операциялық директоры
Джеймс Муллинс Болашақ компаниясына 2012 жылы келіп, өзінің қызметін Лондондағы кеңседе қызметкерлерді іріктеу және Бизнесті дамыту саласындағы жауапты рөлден бастады. Болашаққа дейін Джеймс инженерлік-техникалық және сату салаларында қызмет еткен. Өзінің инженерлік-техникалық және сату салаларындағы жұмыс тәжірибесін тиімді түрде қолдана отырып, Джеймс Болашақ компаниясында табыстарға жетті. 2013 жылы Джеймс Жоба Басшысы лауазымына тағайындалып, Лондоннан Қазақстандағы кеңсеге ауыстырылып, Атыраудағы басты клиенттердің біріне көрсетілетін қызметтерді басқарды. Сол кезден бастап, Джеймс Өндірістік сұрақтар бойынша Директор лауазымына тағайындалып, ең басты клиентімізге қызмет көрсету жобасы бойынша толық жауапкершілікке ие болды, Жобаға Қазақстандағы және халықаралық нысандардағы жұмыстарды атқаратын көптеген қызметкерлер тартылған. Джеймстің міндетеріне жобаны жедел басқару, әрі қарай дамыту, қызмет сапасын арттыру және барлық аймақтық кеңселердегі жобалық топтардың жұмысын ұйымдастыру кіреді.

Эдельвейс Темірғалиева

Коммерциялық директор
Эля қәзіргі таңдағы Коммерциялық директор лауазымына «Болашақ» компаниясында түрлі кызметтерді атқара жүріп өсті. Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген Эля, «Болашаққа» компания алғашқы қадамдарын бастаған кезде келген еді. Біздің түрлі салалардағы қызметтерімізді басқаруға тікелей ат салысудың арқасында, оның «Болашақ» компаниясындаға бизнес туралы бірегей пікірі қалыптасты. Эля «Болашақтағы» қызметін жалақыны төлеу үдерісін басқарушы ретінде Ақсайдағы кеңсемізде бастап одан әрі келісім-шарттар бойынша қызметтерге тартыла бастады. Осыдан кейін ол Атырауға ауысып, компанияның коммерциялық менеджері қызметіне тағайындалды. 2011 жылы Эляның мансап жолы Коммерциялық директор лауазымы ретінде келесі деңгейге жоғарылады. Оның функцияларына келісім-шарттарды, сондай-ақ бүкіл коммерциялық сұрақтар мен ұсыныстарды басқару қосылды. Қазір ол Орал қаласындағы қеңседе қызмет атқарады, сонымен бірге біздің Батыс Қазақстан аймағы мен Астана қаласындағы қызметімізді басқару үшін жауапты. Эля Ұлыбритания және Ирландия елдеріндегі тренингтерге қатынасып, өзінің білім деңгейін көтеруді жалғастырады; бұл оның үлкен тәжірибесі мен Болашақтың қызметі туралы білімін қосқанда бідің тобымыздың өте маңызды мүшесі екенін білдіреді.

Марат Тұрақбаев

Қаржы директоры
Марат Тұрақбаев компаниялар тобының қаржылық жүйесінің нығаюы мен дамуына маңызды үлесін қосты. Ол қаржы саласында 12 жылдық тәжірибеге ие, және ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген. Мараттың еңбек ғұмырнамасы ірі халықаралық сервистік мұнай-газ компанияларында істеген 8 жылдық жұмысты қамтиды. Ол жерлерде Каспий аймағы бойынша бухгалтерлік есеп менеджеріне дейінгі еңбек жолын өткен болатын. Марат қаржылық менеджмент, кәсіпорынды басқару жүйелерін енгізу, аудит пен ішкі бақылау, сондай-ақ аутсорсинг негізінде басқа ұйымдар орындайтын қызметті басқару мәселелерін жақсы біледі. Болашақтағы Мараттың міндеттеріне компанияның қаржылық есептерін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес жүргізу, бысшылық және Директорлар кеңесі үшін барлық қаржылық есептер мен деректерді дайындау кіреді және бұл жұмыс қаржылық қызмет пен бухгалтерлік есептің барлық тұстарын қамтиды. Ол біздің барлық қаржылық және бухгалтерлік мәселелеріміздің шешілуіне жауапты.

Алма Нсанбаева

Мамандар ресурстарын басқару директоры
Өнеркәсіптің әр түрлі салаларында және Ұлтаралық компанияларда мамандары басқару бойынша 12 жылдық тәжірибе иемденген Алма, 2012 жылы, Болашақ компаниялар тобына еніп, компанияның дамуына орасан үлес қоса білді. Адамдар кез келген Компанияның басты ресурсы болып табылады, ал Алма өзінің Болашақтағы маңызды рөлін сәтті атқарып келеді. Оның жетекшілігімен компаниядағы мамандарда басқару қызметі бойынша жаңа тәсілдер жетілдіріліп, еңгізілді, соның арқасында бұл саладағы жұмыста серпінді ілгерілік орын алды. Алманың жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарын жетік білуінің арқасында қызметкерлерді дамыту және оқыту бойынша тұжырымдамаға тиімді өзгерістер сәтті түрде еңгізілді. Құқықтану, экономика және менеджмент салаларындағы жоғары білімі, сондай-ақ МБА дәрежесі мен кең көлемді жұмыс тәжірибесі бар Алма еңбектік қатынастардың және адамдар арасындағы келіспеушіліктерді басқарудың барлық аспектілерін жете игерген. Алманың жетекшілік қасиеттері мен өзіне тән ұйымдастырушылық қабілеттері оның кәсіби білімділігімен үйлесе отырып компанияның әрі қарай дамуына ерекше серпін және ауқымды позитивтік өзгерістер әкелді.

Светлана Жалковская

Алматы қаласындағы филиал директоры
Светлана көптеген жылдар бойы «Болашақ» командасының маңызды мүшесі болып келеді. Ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген, ол 2001 жылы Болашақтың Астана қаласындағы кеңсесіне жұмысқа келген болатын. Оның алғашқы міндетіне Қазақстанда жұмыс істейтін шетел азаматтарына рұқсат қағаздарын алуды қадағалау кірді. Рұқсат қағаздарын шығару үдерісі аймақтарға тапсырылғанда, Светлана Алматыға көшіп келіп, 2003 жылы компания филиалының негізін қалады. Светлананың басқаруымен Алматылық кеңсе Алматыда орналасқан мұнай-газ, тау-кен өндірісі, телекоммуникация және басқа салалардағы компаниялармен келісім-шарттарды басқаратын бизнес орталығы дәрежесіне дейін өсті. Светлана Алматыдағы және Шығыс Қазақстан аймақтарындағы қызметіміздің барлық саласын, оның ішінде қызметкерлерді іріктеу, логистика, тікелей басқару мәселелері және бизнесті дамытуды қадағалайды. Сонымен қатар ол корпоративтік мәселелер бойынша маңызды қолдау көрсетіп, Болашақтың қоғаммен байланыс және маркетинг саласындағы қызметіне жетекшілік көрсетеді.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз мереке қарсаңында балаларға арналған іс-шара өткіздік.
Марафон
Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.
UIB Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі
11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді.
«Болашақтың» әйелдер батальоны!
Болашақ Атырау тобы кезекті ерлер мерекесі - Отан қорғаушылар күнін және еліміздің басты мерекелерінің бірі - Жеңіс күнін атап өтті.