kz
RU EN

Миссия

Біздің миссиямыз кәсіби мамандарға өз білімдері мен дағдыларын іске асыруға мүмкіндіктер ұсынумен қатар, клиенттеріміздің жобаларын жүзеге асыруы үшін оларға жоғары білікті қызметкерлерді іздестіру, іріктеу және кәсіби мамандар тобын құру арқылы көмектесуге негізделген.

Құндылықтар:

Адамдар


Кез келген компанияның басты құндылығы – ол жерде жұмыс жасайтын адамдар, ал біз компаниямыздың күш қуаты қызметкерлерінде деп сенеміз. Компания өзінің жеткен жетістіктері қызметкерлерінің арқасында екенін әрқашанда айрықша сезінеді. Біз өзіміздің жоғары білікті мамандарымызды мақтаныш тұтамыз әрдайым қызметкерлеріміздің жағдайын ойластырамыз және ең қызықтыратын жұмыс беруші болуға тырысамыз. Біз компаниямызда қызмет ететін адамдардың бәрін сыйлай отырып, әрбір қызметкер үшін өзінің жеке қасиеттерін қолдана және жаңа дағдыларды меңгеру арқылы табысқа жете алатындай ортаны жаратуға тырысамыз. Біз компаниямыздың табысы мен дамуына үлесін қосқан әрбір адамды өте жоғары бағалаймыз – олар біздің қызметкерлеріміз, клиенттеріміз және үміткерлеріміз.

Денсаулық және қауіпсіздік


Біздің компанияның бастапқы басымдығы қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып табылады. Біз қызметкерлеріміздің, мердігерлер мен іскерлік серіктестеріміздің жұмыс орнындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, әрбір адамды қауіпсіздікті сақтау үшін өзіне жеке жауапкершілік алуға шақырамыз. Біз жеке үлгі көрсете отырып осы қағидаларды іске қолдануға дайындығымызды білдіреміз және басқаларды жігерлендіреміз.

Сапа және клиенттермен қатынастар


Біз өз клиенттеріміздің мәселелерін шешудің сапалы жолдарын ұсынуға ұмтыламыз. Өз қызметімізде біз икемді тәсілдерді қолдана отырып, клиенттеріміздің өзгермелі талаптарына бейімделуге тырысамыз. Біз күн сайын клиенттеріміздің сенімділігі мен құрметіне жетуге ұмтылып, көрсетілген қызметтердің деңгейі мен сапасын жақсартуға ынталанамыз. Біз клиенттерімізбен орын алған қарым-қатынасымызды бағалаймыз және қызметтеріміздің сапасының жоғары деңгейде болуын қадағалаймыз .

Еркіндік, өзін өзі таныту және жауапкершілік


Біз өз қызметкерлеріміздің дарындары мен қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдай тудырамыз, сондай-ақ операциялық және басқарушылық үдерістерді жақсартуға ұмтыламыз. Еркіндік біз үшін шүбәсіз құндылық болып табылады, әсіресе компанияның,оның қызметкерлері мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар мен бастамаларды ұсыну еркіндігі. Біз барлық деңгейдегі қызметкерлердің жұмысын өз бетімен ұйымдастыруға және оның нәтижелері үшін жауапкершілік атқаруға көмектесетін кез келген құлшынысын қолдаймыз,

Командалық жұмыс. Бірлесіп біз табысқа жетеміз!


Біз командалық рух, бірлестік және ауызбірлікті жоғары бағалаймыз. Біз тиімді ынтымақтастық , сонымен бірге, қызметкерлер, клиенттер және серіктестерімізбен орнатылған берік, сенімді қатынастар арқылы тамаша нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Біз командамыздың түрлі тәжірибесі, кең ауқымды білімі мен дағдыларының арқасында компанияның тиімділігі мен әлеуетін жақсарта аламыз. Біз біртұтас кәсіби мамандар тобы ретінде қызмет көрсете отырып, клиенттеріміздің күтулерінен де асып түсуге ұмтыламыз. Компанияның бүкіл қызметкерлерін бір мақсат біріктіреді, ал бұл мақсатқа біз біріккен күш, ұғым және өзара қолдау көрсету арқылы қол жеткізуге тырысамыз.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Мұнайшы күні
«Болашақ» компаниясы Мұнайшы күніне арналған бірқатар іс-шаралардың бас демеушісі , ал Қазақстанның Мұнайгаз Сервистік Компаниялар Одағы осы шаралардың
Құлсарыдағы бос қызмет орын жәрмеңкесі
Біз бұрын «Болашақ» компаниясының 24 тамыз күні Құлсары қаласында бос орындар жәрмеңкесін өткізетіні туралы хабарлаған едік.
Балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз мереке қарсаңында балаларға арналған іс-шара өткіздік.
Марафон
Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.