kz
RU EN

Жан-жақты қолдау, кешенді шешімдер

Біздің негізгі қасиеттерімізді келесідей түйіндеуге болады:

Клиенттеріміздің талаптарын орындау үшін жүйелік шешімдер


• Біз клиенттерімізге кадрларды іріктеу, таңдау, мобилизациялау, сүйемелдеу, жұмысқа рұқсат және визалар алу, сақтандыру, сапарлар, логистика, әуежайдан қарсы алу, тұратын орын, ТҚ бойынша кіріспе нұсқаулықтар мен оқытулар, ЖҚҚ қамтамасыз ету және күнделікті сұрақтарды шешуді ұйымдастыра отырып, бүкіл жұмыс күші бойынша қажеттіліктерді басқарудың барлық аспектілерін қамтитын толық қызметтер пакетін ұсынамыз.

• Қазақстан аумағында әрекет ететін барлық нормативті талаптарға (заңнамамен көзделген жұмыс жасауға рұқсаттар, визалар, салықтар, ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ бойынша оқыту және техникалық әзірлік) сәйкес келудің бірегей білімі мен зор тәжірибесі.

• Қазақстан бойынша негізгі жобалар мен клиенттердің жанында орналасқан кеңселер арқылы географиялық қамту.

• Бүкіл салық талаптарына сәйкес келетін тұрақты қаржы жағдайы.

Жоғары сапалық қызметтер – қауіпсіз орындау


• Болашақ компаниясы ИСО 9001 / ИСО14000 / ИСО18000 сертификацияларынан өтіп, өз қызметін 2000 жылдан бері сәтті көрсетіп келеді.

• Біз жоғары сапалы қызмет көрсетеміз, оның дәлелі біздің клиенттеріміз бен қызметкерлеріміздің бізбен бірге ұзақ жылдар бойы жұмыс жасап келе жатқаны.

• Біз саясатымызға сәйкес әрдайым қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын қамтамасыз етеміз және сақтаймыз.

• Болашақтың Басшылығы өндірістік оқиғалардың, жарақаттардың, сырқаттардың алдын алуға, таза және сау ортаны құруға, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын тәжрибеде ілгері бастыра отырып әрі қарай жалғастыруға міндеттенеді.

Ауқымды ресурстар базасы


• Қазіргі кезде бізде бірнеше мың қызметкер жұмыс істейді, сондай-ақ білікті және тәжірибелі мамандардың деректер базасы бар.

• Біздің қызметімізді екі жүзден астам штатты қызметкерлерден құралған кәсіби команда көрсетеді.

• Сондықтан біздің клиенттеріміз бен контракттық қызметкерлерімізге қолдау көрсету үшін барлық қажетті мүмкіншіліктеріміз бар.

Тәжірибелі басқару тобы


Бізде шетелдік және қазақстандық қызметкерлерден тұратын жоғары білікті және тәжірибелі менеджерлер тобы бар. Біз командамыздың көпшілігі компания құрылғаннан бастап жылдар бойы бізбен бірге жұмыс істеп келе жатқанын мақтан тұтамыз. «Болашақ» компаниясындағы ұзақ жұмыс өтіліне қоса, командамыз келесі салалардағы үлкен тәжірибесінің арқасында компанияның жетістіктеріне өз үлесін қосып отыр:

• Мұнай-газ саласындағы тәжірибе

• Техникалық, инженерлік және инспекциялық қызметтерді көрсетудегі мол тәжірибе

• Қазақстанда бизнес жүргізудің тәжірибесі

• Қызметкерлерді іріктеу саласындағы тәжірибе

Жергілікті қамту:


• Біздің мамандарды іріктеу тобы ұсына алатын көптеген білікті қазақстандық мамандарға қол жетімділік.

Шетелдік мамандарды ұсыну және қолдау көрсету қызметтерінің мүмкіндіктері:


• Шетелдік мамандарды іріктеу бойынша арнайы топтың көмегімен әлемнің кез-келген жеріндегі қызметкерлерді іздеу және мобилизациялау мүмкіндігі.

• Вахтааралық және іскерлік сапарларды ұйымдастырудың арнайы кешенді шешімдері.

• Біздің кәсіби тобымыздың ел ішінде толық қолдау көрсетуі.

• Біз жұмыс рұқсаттарын алу үдерісінің тиімді шешімдерін ұсынып, жыл сайын жұмыс рұқсаттарын алу және олардың мерзімін ұзарту бойынша өтінімдердің үлкен жиынтығын өңдейміз.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз мереке қарсаңында балаларға арналған іс-шара өткіздік.
Марафон
Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.
UIB Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі
11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді.
«Болашақтың» әйелдер батальоны!
Болашақ Атырау тобы кезекті ерлер мерекесі - Отан қорғаушылар күнін және еліміздің басты мерекелерінің бірі - Жеңіс күнін атап өтті.