kz
RU EN

Инженер-электрик тәлімгер

3881
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі Келісім-шарт бойынша
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Mariya Vassilyeva
E-mail Mariya.Vassilyeva@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Жалпы ақпарат: Инженер-электрик тәлімгер электр қуатын өндіру / үйлестіру жүйелеріне және қорғаныш жүйесіне арналған ӨНЖҚ бөлімінің инженерлік-жобалау тобымен дайындалатын техникалық құжаттар пакетін тексеру мен бекітуге жауап береді. Қауіпсіздік техникасы: • Қауіпсіздік техникасының ережелерін бұлжымай орындайтындығын көрсететіп, қауіпсіздік құралдары мен жүйелерін қолдану бойынша басқаларға үлгі болады; • Апатсыз жұмыс мәдениетін қалыптастыру мен қолдауда көшбасшылық қасиетін көрсетеді. Технологиялық қауіпсіздік саласына жататын жүйелер мен үрдістерді пайдалану білімі мен тәжірибесі бар; • ТШО-ның адам мен қоршаған ортаны қорғау саясатын қолдау және орындау арқылы өндірістің сенімділігіне үлес қосады; • Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде немесе өндіріс үрдісін жақсарту тобының жұмысына ат салысады. Техникалық дағдылар: Құрылыс жүмыстарына әзірленген электр энергиясын жоғары және төмен вольтты жүйелерге үйлестіруге арналған техникалық құжаттар пакетін тексеру және бекіту. Осындай тексеруге инженерлік аспектілердің барлығы кіреді: құжаттама, жобалау, құрылыс бөлімі, модификация, сонымен қатар электр қуатын үйлестіретін және жіберетін кешенді жүйелерді салу кезіндегі техникалық қолдау көрету. Құжаттаманы тексеру мен бекітуге жауап береді, электрге қатысты есептерді шығаруға көмектеседі. Көпбейінді жобаны орындау кезінде жобалық шешімді талдауға қатысады. Бір сызықты және үш сызықты сұлбаларды, электрлік қосылулар сұлбаларын, логикалық және электрлік қағидатты сұлбаларды тексереді және бекітеді. Өндіруші ұсынған техникалық деректер мен сызбаларды қарастыру / тексеру кезінде ат салысады. Тағайын шаманың есептелгенін, трансформаторлардың, генераторлардың, электр қозғалтқыштардың т.б. таңдалған релейлік қорғаныс параметрлерін тексереді. Электр қозғалтқыштарына, генераторларға және басқа да қуатты аз тұтынушыларға таңдалған сақтандырғышты, автоматты ажыратқышты және басқа да қорғаныш құралдарын (олардың тағайын шамасын) тексереді және бекітеді. Жаңа жобаларға таңдалған және қолданыстағы жабдықты түрлендіруге арналған жабдықтарды тексереді және бекітеді. Реттемелі жылдамдығы бар электр жетегіне арналған спецификацияны тексереді және бекітеді. Реттемелі жылдамдығы бар электр жетегін қондыру кезінде техникалық қолдау көрсетеді. Ескерту енгізу кезеңінде мердігерлік ұйымның инженерлік құжаттарын тексеріп, ескертулерді енгізеді. ИЖ тобының барлық инженерлері мен супервайзерлеріне электр қуатына қатысты техникалық қолдау көрсетіп, тренингтер өткізеді. Блокпен келетін генераторлы қондырғыны таңдау кезінде көмек көрсетеді. ИЖ тобының инженерлері дайындаған электрлік жүктемелері (ЕТАР) мен қорғаныш жүйелерінің есептеулерін тексереді және бекітеді. Ұйымдастыру дағдылары: • Электр жабдықтары жөнінде кеңесті қажет ететін басқа саладағы инженерлермен, мысалы, БӨА инженерлері мен энергожүйелерді пайдалану бөлімімен тығыз көпфункционалды байланысты дамытады; • Жұмыс үрдістерін тиімді пайдаланады, оның ішінде: жобалауға тапсырыс, материалдарды сатып алу, шығынды бағалау, мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру, шығынды бақылау және өзгерістерді бақылау (ӨБ); • Себепті өзара байланысты анықтауда қиындық тудыратын міндеттердің ауқымды аясымен жұмыс істейді; • Өндіріс нысандарын жобалау мен салу кезінде, құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындау кезінде өндірісті оңтайландыру элементтерін қолданады, пайдаланудың қауіпсіз жағдайларымен, үрдістердің сенімділігі мен тиімділігін және жобалау жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді; • Инженерлер дайындайтын жұмыс құжаттамасының электр саласына қатысты бөлімін қарастырып, ескертпе енгізе алуға қабілетті; • ИЖ тобының тәжірибесі аздау инженер-электриктерге тәлімгерлік ету.
• Мұнай өндіру зауыттарына немесе энергожүйелермен жұмыс істейтін ұқсас мекемелерге арналған электр жүйелерін жобалауда кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; • Біліміне қойылатын талаптар: энергожүйелерді жобалау саласында жоғары білімнің болуы, жоғары білімнен жоғарырақ дәреже немесе 20-жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық. Зауыт жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс тәжірибесі; • ЕТАР бағдарламалы жасақтамасында модельдеу қабілеттілігі, оған қоса, тоқ-уақыттылық сипаттамасымен жұмыс және доғалы қорғанышты есептеу;
Тенгиз 28/28

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі
Болашақ – Атырау компаниясындағы Халықаралық әйелдер күні
Алғыс айту күні
Кез келген компанияның өмірі тек кәсіби бағыттармен шектелмейді.