kz
RU EN

Қойма үйлестірушісі (Уақытша сақтау қоймасы)

3871
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі Келісім-шарт бойынша
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Shynar Mardan
E-mail Shynar.Mardan@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Имортталған барлық тауарлық-материалдық құндылықтардың уақытында қабылдануы мен шығаруына, сондай-ақ сеніп тапсырылған учаскеде дұрыс сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты. Кедендік ережелерге сәйкес тауарларды уақытша сақтау қоймасының аймағына уақытылы орналастырып/шығаруға жауапты. Кедендік құжаттар мен есептердің уақтылы рәсімделуін бақылауды жүзеге асырады және оған жауап береді. Уақытша сақтау қоймасының кедендік аймағының күнделікті қызметін бақылайды және оған басшылық етеді. Кеден ережелерiн бұзудың алдын алуға жауапты. Кеден аймағынан компанияның қоймасына барлық материалдардың қозғалысын бақылайды, есептілікті ұсыну үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Жүктерді қауіпсіз тиеп, түсіру үшін Логистика бөлімімен тығыз қарым-қатынаста болады. Ай сайын, тоқсан сайынғы және жылдық кедендік статистика мен көрсеткіштерді дайындау үшін деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Сеніп тапсырылған учаскеде қойма ресурстары мен алаңдарын тиімді пайдалануды, жұмысты біріңғай (ырғақты) атқаруды қамтамасыз етеді. Клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және жұмыс процестерін жақсартуға көмектеседі. Белгіленген есепке алу құжаттары бойынша қойма операцияларын есепке алуды жүргізеді. Материалдарды сақтау және консервациялау режимдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Сеніп тапсырылған учаскелерде материалдар жетіспеген немесе ұрланған жағдайларда тергеу жүргізеді. Сеніп тапсырылған учаске қызметінің тексеру нұсқаулары мен ұсынымдарын орындайды. Өз құзыреті шегінде өндірістік мәселелерін жедел шешу бойынша басқа бөлімдермен тығыз жұмыс жүргізеді. Сеніп тапсырылған аймақта дұрыс сақтау. ҚБҚ объектілерін қауіпсіз қабылдау режимін, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. Өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бизнес-әріптестерді таңдау және жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша олардың жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қауіпті учаскелеріндегі аварияларды, жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады. Бөгде адамдардың сеніп тапсырылған аймаққа кіруін болдырмау бойынша шаралар қабылдайды
компьютерде жұмыс істеу: Microsoft Office, JDE E1. ТШО саясатын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Кеден кодексін, тауарларды қауіпсіз тиеу, қамтамасыз ету және тасымалдау ережелерін, материалдарды қабылдау, беру, сақтау ережелерін, сондай-ақ материалдар сапасына қатысты талаптардың негіздерін білуі керек. Түгендеуді басқару практикасы мен принциптері. Өндірісті оңтайландыру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын ТШО талаптары Өндірісті бақылау жөніндегі ТШО ережелері
Тенгиз 28/28

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі
Болашақ – Атырау компаниясындағы Халықаралық әйелдер күні
Алғыс айту күні
Кез келген компанияның өмірі тек кәсіби бағыттармен шектелмейді.