Статикалық жабдықтың сапасын қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі инспектор (QA/QC инспекторы)
8097
Жұмыс күні 30.09.2026
Жұмыстың жабылу күні 14.10.2026
Қызмет түрі contract
Ел Қазақстан
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Saida Akhmetova
E-mail recruit@bolashak.com
Жұмыс күні 30.09.2026
Жұмыстың жабылу күні 14.10.2026
Қызмет түрі contract
Ел Қазақстан
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Saida Akhmetova
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Құрылыс, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары кезеңдерінде статикалық жабдыққа QA/QC инспекциясын жүргізу. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, резервуарларды, жылу алмастырғыштарды, колонналарды, сыйымдылықтарды және оларға қатысты жабдықтарды қоса алғанда, статикалық жабдықты инспекциялау.
Жабдықтың монтаждалуын, туралануын, өлшемдерін, материалдарын және орындалған жұмыстардың сапасын бекітілген сызбаларға, спецификацияларға және жоба талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және растау.
Инспекциялар мен сынақ жоспарларын (ITP), жұмыс жүргізу әдістемелері мен технологиялық карталарды, сызбаларды және сапа жөніндегі құжаттаманы қарау.
Бекітілген рәсімдер мен ITP талаптарына сәйкес инспекциялар мен сынақтардың жүргізілуін бақылау және оларға қатысу.
Материал сертификаттарын, инспекциялық есептерді және тиісті сапа құжаттамасын тексеру.
Сәйкессіздіктерді анықтау және түзету шараларының орындалуын бақылау.
Жобаның сапа талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылыс, инженерлік сүйемелдеу және қосалқы мердігерлер топтарымен үйлестіру жұмыстарын жүргізу.
Инспекциялық есептерді, чек-парақтарды және басқа да QA/QC құжаттамасын дайындау және жүргізу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік талаптарының, халықаралық стандарттардың, жобалық спецификациялардың және тапсырыс берушінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
Механикалық инженерия, Жабдықтар инженериясы немесе тиісті бағыт бойынша жоғары техникалық білім.
QA/QC инспекциясы саласында кемінде 5 жыл тиісті жұмыс тәжірибесі, мұнай-газ, мұнай-химия немесе химия өнеркәсібі жобаларындағы тәжірибе құпталады.
Статикалық жабдықты инспекциялау бойынша расталған жұмыс тәжірибесі.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен, сақтау резервуарларымен, жылу алмастырғыштармен, колонналармен және басқа да статикалық жабдықтармен жұмыс тәжірибесі.
Тиісті халықаралық стандарттарды, нормаларды, спецификацияларды және QA/QC рәсімдерін жақсы білу.
Инженерлік сызбаларды, жабдықтың техникалық паспорттарын (datasheet) және техникалық құжаттаманы оқу және түсіндіру қабілеті.
ITP, инспекциялық есептер, NCR (сәйкессіздік туралы есептер) және сапа құжаттамасымен жұмыс тәжірибесі.
Статикалық жабдыққа қатысты дәнекерлеу және бұзбайтын бақылау (NDT) талаптарын білу артықшылық болып табылады.
Ағылшын тілі — Intermediate деңгейінен төмен емес; ағылшын тіліндегі техникалық құжаттамамен жұмыс істей алу.
Жақсы коммуникациялық және үйлестіру дағдылары.
Ірі құрылыс немесе мұнай-химия жобаларында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады
Қарабатан 5/2, ҚР азаматтары үшін
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
АТЫРАУ МАРАФОН 2026
Мыңдаған адам бір мезетте сөре жолағын аттағанда, қала ерекше рухқа бөленеді. Әр жүгірушінің жолы – ұмтылыстың, төзім мен жігердің бейнесі.
ENERGY REGION TALKS: АЙМАҚТЫҢ ҮНІ
Bolashak Group-тың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Айшабиби Закариева Energy Region Talks форумына қатысты.
