Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика инженері
7102
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Albina Duisenbayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Albina Duisenbayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
• AutoCAD, MS Word, MS Excel және т.б. бағдарламалар көмегімен жобалық сызбаларды жасайды.
• КИПиА учаскесі/бөлімшесінің инженерлік персоналына арналған барлық жобалық сызбалар мен құжаттарды әзірлейді, соның ішінде (бірақ шектелмей): КИП жабдықтарының тізімі, КИП кіріс/шығыс сигналдарының журналы, себеп-салдар матрицасы, процестің сипаттамасы, КИП орналасу жоспары, КИП кабельдерінің маршруты, ілмекті схемалар, кабель журналы, техникалық деректер парақтары, материалдық тізімдер, материалдық өтінімдер, жұмыс көлемінің тізімі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс пакеттері, түсіндірме жазба, тексеру процедуралары, жүйе архитектурасы, ПИГ орналасу жоспары, нысанға бару есептері және т.б.
• Өзге техникалық мамандықтар бойынша техникалық құжаттаманы және егжей-тегжейлі сызбаларды тексереді.
• КИПиА учаскесінің/бөлімшесінің инженерлері жасаған жобалық сызбаларды бас инженерге және/немесе аға инженерге бекітуге тапсырады.
• Белгіленген учаскедегі сапа бақылауын қамтамасыз етеді.
• Нұсқау беру, оқыту, тәлімгерлік және штаттық қызметкерлерді тиімді басқаруға қатысады.
• КИПиА жұмыстарының және техникалық құжаттаманың жай-күйі туралы бас инженерге есеп береді.
• Жобалармен айналысатын персонал қатысатын бастапқы жиналыстарға, тапсырыс берушілермен, құрылысшылармен, жеткізушілермен кездесулерге, технологиялық схемаларды қарастыру жиындарына немесе қажет болған жағдайда басқа да кездесулерге қатысады.
• КИПиА инженерлік бөлімінде және басқа техникалық бөлімдермен жазбаша және ауызша ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
• КИПиА тобының жобалау қызметін басқа инженерлік-техникалық топтармен үйлестіреді.
• HAZID/HAZOP/PHA жиналыстарына қатысады.
• Қондырғыларды жобалау талаптарына және тәртібіне қатысты жобалық нұсқауларды қабылдайды және таратады.
• Жобалық есептеулер жүргізеді.
• КИПиА бас инженері тарапынан минималды бақылаумен өз бетінше жұмыс істейді.
• Белгілі бір жобаның шеңберінде орындалатын жұмыстарды қадағалайды және негіздейді.
• Тапсырыс берушімен немесе мердігермен іскерлік хат алмасуды жүргізеді.
• Жобалау бөлімінің жұмысын жақсарту жолдарын анықтайды және оларды КИПиА бас инженеріне жеткізеді.
• Нысанға барып, тексеру жүргізеді және жиналыстарға қатысады.
• Егер құрылыс алаңдарында авторлық қадағалау жүргізуге жауапты тұлға болып тағайындалса, сызбалар мен техникалық сипаттамаларды түсіндіру, жобаға өзгерістер енгізу арқылы құрылысқа қолдау көрсетеді. Жобалардан кез келген ауытқуларды бақылайды және түзетулер енгізу туралы шешім қабылдайды.
• Авторлық қадағалау жүргізеді.
• Белгіленген жобалар шеңберінде шығарылған құжаттардың ішкі және пәнаралық тексерулерінің орындалуын бақылайды.
• Қазақстан Республикасының нормативтік кодекстері мен стандарттарының, сондай-ақ КИПиА бойынша халықаралық стандарттардың жаңартуларын қадағалайды.
∙ Жоғары техникалық білім
∙ Саладағы жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем емес, жобалаудағы тәжірибесі кемінде 2-3 жыл болуы қажет
∙ Бақылау-өлшеу және бақылау құралдары мен жабдықтарды жобалау, пайдалану және/немесе техникалық қызмет көрсету тәжірибесі
∙ Қазақстандық және халықаралық стандарттарды, озық әдістер мен тәжірибелерді білуі тиіс
∙ AutoCAD-пен жұмыс істеу дағдылары
Атырау 5/2 ҚР азаматтар үшін
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.

Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.

Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.

KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.