kz
RU EN

Көлемі орташа құрылыстарды салу тобының супервайзері

7031
Жұмыс күні 20.01.2025
Жұмыстың жабылу күні 10.02.2025
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Asel Jumayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Мыналардан хабардар болуы тиіс: • ҚР заңдары мен нормативтері, ТШО техника қауіпсіздігі бойынша процедуралары, ҚР еңбек кодексі, СНИП-тер мен стандарттар, ТШО-ның техникалық стандарттары, Америкалық инженерлер мен механиктердің қауымдастығының стандарттары (ASME), Америкалық ұлттық стандарттар институтының стандарттары (ANSI), Коррозия жөніндегі инженер мамандардың ұлттық ассоциациясының стандарттары (NACE), Америка мұнай институтының стандарттары (API) • Бірнеше жеке салалар • ТШО саясаты мен процедуралары, «Шеврон» корпорациясының жобаларды басқару жүйесі (ШЖБЖ), ӨО ШЖБЖ біріктіру • «ТШО жолы» концепциясы • Келісім-шарт жасасу, құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын мердігерлерді басқару және құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын бірнеше мердігерлермен байланысты әкімшілік жұмыстарды атқару • Техникалық және өндірістік мәселелерге қатысты шешімді талдау құралын қолдану • ТШО міндеттері мен стратегиялары және олардың жобалық жұмыстарға қатынасы • ТШО оқиғаларды тексеру үрдісін жүргізу және қажет болған жағдайда тексеру ісін басқару Қиындығы орташа және жоғары жобаларды немесе бөлімшенің жобалар портфелін іске асыру кезінде келесі аспектілерді басқару: • Жұмысты қауіпсіз орындау әдістерін енгізу және басқару кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қауіпсіз орындауға жауапкершілік, сондай-ақ жарақат алу мен оқиғалардың алдын-алу бағдарламасын, «Өміріңді сақта» бағдарламасын, жеке және корпоративтік тиімділік бағдарламасын, жұмысты орындауға арналған рұқсат қағаздарын беру жүйесін, т.б. қоса алғанда жауапкершілік таныту • Барлық жоба немесе жобаның бөлігіне қатысты кесте, сапа және шығын үшін жауапкершілік • Кадрлармен жасақтау жоспарларын, қызметкерлерді оқыту жоспарларын, қызметкерлерді басқа бөлімге ауыстыру жоспарларын, ұжымды біріктіру туралы шаралар бағдарламасын, қызметкерлерді ынталандыру және марапаттау, сондай-ақ офис және тұрғын бөлмемен қамтамасыз ету жоспарларын құру және енгізу • Қиындығы орташа және жоғары болатын және қауіп-қатер бар құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін жасайтын келісім-шартқа жауапкершілік • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін келісім-шарт жасасқан кезде әкімшілік сұрақтар мен келліссөздер жүргізу бойынша Материалдық-техникалық жабдықтау бөліміне көмек көрсету үшін жауапкершілік • Құжаттар мен есеп беруді бақылау, сондай-ақ жұмыс алаңында жобаны басқару, құрылыс сапасы мен жалпы өнімділігі үшін жауапкершілік • Жеке салалар бойынша өнімділікті арттыруға әсер етуге жауапкершілік • Жұмыстарды жүргізу жобасын тексеру кезінде, қауіпсіздік техникасын және қауіп-қатерді төмендету жоспарын талдау кезінде ақпаратпен қамтамасыз ету • Үнемді құрылыс әдістемесі мен созу әдісін қолдану арқылы жоспарлауды енгізу үрдісіне қатысу • Құрылыстың технологиялылығын талдау кезінде ақпаратпен қамтамасыз ету
Білімі: Құрылыс саласындағы инженерлік-техникалық мамандық бойынша жоғары білім Жұмыс тәжірибесі: Тиісті жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 10 жыл Компьютерлік білімі мен дағдылары: MS Office стандартты қолбанбалы бағдарламалары (Outlook, Word, Excel, Power Point, Access, Teams, Power-BI)
Теңіз 28/28 ҚР азаматтар үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.