kz
RU EN

Келісім-шарттар маманы

4397
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Aizhan Aitassova
E-mail Aizhan.Aitassova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Техникалық қауіпсіздікті үздіксіз басқаруға, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулықты сақтауға, сенімділік және тиімділікке дуниежүзілік көрсеткіштерге жету мақсатында ТШО Өндірісті оңтайландыру қолдау ретінде жағдай жасау. Мердігерлік ұйымдармен келісім-шарттар жасасуға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге және келісім-шарттарды бекіту үшін қажетті барлық құжаттарды дайындайды. Барлық тендерлік процесті (тендерлік құжаттарды дайындау, тендерге қатысуға өтінімдер алу, тендерге қатысушыларға растау және түсініктеме жіберу, тендерлік ұсыныстарды бағалау, тендер өткізу туралы келіссөздер жүргізу және оның қатысушыларына тендердің нәтижелерін тарату) ұйымдастырады. Келісімшарттармен жұмыс істеудің бекітілген келісімшарттық саясаттарын және белгіленген рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді. Мердігерлермен және жабдықтаушылармен келісімсөздер жүргізеді және келісімшарттар бойынша түпкілікті түзетулер енгізеді. Келісімшартта көрсетілген ережелер мен шарттарға өзгертулер енгізу мақсатында рұқсат алу/қарастыру бойынша құқықтық қамту және келісімшарттар бөлімімен және басқа да ішкі функциялармен байланыс орнататын ортақ тұлға қызметін атқарады. Алдыға қойылған мақсаттарды орындау бойынша егжей-тегжейлі атқарылатын іс-шаралар жоспарын құрады. Өз лауазымдық мүмкіндіктері шегінде ақпараттарды жинайды, біріктіреді, құрылымы бойынша іріктейді және оларды шешу жолдарын жетілдіреді.
Жоғары (экономикалық, техникалық, немесе заңгерлік) білімі болғаны жөн, жергілікті немесе шетелдік компанияларда материалдық-техникалық қамтамасыздандыру бөлiмiнде жұмыс тәжірибесi 1-3 жыл аралығында болуы тиіс . Компьютерлік талдауға арналған Майкрософт бағдарламаларымен (Excel, PowerPoint, Power BI) жұмыс істей алады. Ariba және JDE бағдарламаларын білгені артықшылық болып саналады. Жазбаша және ауызша түрде жақсы қарым-қатынас жасау, презентация өткізу, ұжымдық жұмысқа белсенді қатысу, күйзелісті жағдайларда басшылық бақылауын қажет етпей, қойылған тапсырмаларды жоғары қарқынмен орындай білу дағдыларына ие.
Atyrau 5/2

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.