kz
RU EN

Жабдықтаушы маман - Жетекшi жабдықтаушы маман

4145
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Aizhan Aitassova
E-mail Aizhan.Aitassova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Осы лауазым иесі шығын орталықтары нысандарына КТЖ, ЕБЗ, ШГА, сыртқы нысандарға және мердігер мекемелерге барлық жабдықтау қызметтерін жүзеге асырады. Қажетті материалдарды уақытында жетізуді қамтамасыз ету үшін сұраныс берген тараппен байланыста болады. Сұраныс қажеттіліктілігін бағалай отырып, тікелей тапсырыс бергенге дейін қолда бар ресурстарды пайдалануға болатындығын немесе оларды ауыстыру нұсқаларын анықтайды. Қандай босалқы қор және олардың қанша көлемде болу керектігін анықтайды. Стандарттау мүмкіндіктерін анықтауға және қайталануды болдырмау үшін материалдық - өндіріс босалқы қорларын үйлестіреді және/немесе талдау жүргізеді. PR/WO/SO бойынша материалдарға берген тапсырыстың соңына дейін орындалуын қадағалайды. WO, WM бойынша 41-45 дәрежелер туралы апталық есеп береді. Тұтынушылар үшін PR/PO бойынша апталық деректерін жаңартады және WEB - ке орналастырады. Тікелей және қоймадан алуға берілген тапсырыстарды орындауға уақыт үнемдеу үшін жұмыс тапсырыстарының дәрежесін дер кезінде тексереді. Босалқы қордың жаңа және қолданыстағы талаптарының дұрыстығын растау үшін түгендеуді басқару тобымен іс-әрекеттерді үйлестіреді. Қоймаға босалқы қорларды толықтыруға (SAR) Өтінімдерді жасауға жауапкершілік атқарады. Қажетті мәліметтердің болуын бақылайды: толық сипаттамасы, бөлшек номірі, өндірушінің атауы, қолайлы жеткізуші (егер белгілі болса), өлшем бірлігі, мин.макс, қайта тапсырыс берудің саны, өнім құрылымы туралы мәліметтер (материалдың сипаттамасы) бірлік бағасы және т.б. Инженерлік тобынан келген жұмыс пакеттерін тексереді және мекеменің шығындарын үнемдеу үшін материалдардың бар болуы туралы мәліметтер береді. MS Access деректер базасында 55-ші дәрежелер бойынша жоспарлаушылар мен жұмыс кестесіне енгізушілердің есептемелерін күнделікті тексереді. Материалдарды жұмыс нысандарына жеткізуді бақылайды (Сақтау-Тегтеу процесі). Сатып алу жөніндегі аға маманымен және сатып алу жөніндегі тиісті мамандармен күрделі жөндеу жұмыстары, ағымдағы жұмыстар, арнайы жобаларға бастапқы босалқы қорлармен қамтамасыз ету талаптарын орындау үшін (SAR) тікелей тапсырыстарды жасауды үйлестіреді. Материалдарды қажет ететін белгілі бір Өндірісті пйдалану және Техникалық қызмет көрсету кезеңдеріне сәйкес кестелерді алдын-ала дайындайды. Материалдарды жылдам жеткізудің барлық мәселелері бойынша сатып алу бөлімімен бірге жұмыс істейді. Сұрақтар туындаған жағдайда (техникалық талаптар) сатып алу тобымен жетізушінің (жеткізушілердің) арасында байланыс орнататын тұлға болып табылады. Күрделі жөндеу жұмыстарына, арнайы жобалар жұмыстарына немесе тағы басқа жобаларға арнайы тапсырыс бойынша алынған материалдардың қалған мөлшерін анықтайды, қажет болған жағдайда қоймада босалқы қордың деңгейін өзгертуге немесе күрделі қаржы жұмсалымын қайтару үшін материалды тиісті қоймаға қайта тапсырады. Техникалық қызмет көрсету цехында немесе зауыт нысандарында өндіріс құрал-жабдығының босалқы қорларының жиналуын болдырмау үшін, оларды уақытылы есептен шығаруды жүзеге асырады. Барлық санаттағы сұратылған материалдарды Е-1 жүйесінде іздейді, резервте сақтайды және қордан шығарып береді. SO / S1 / WO бойынша тапсырыстарды тексереді және құжаттарды ресімдейді. Жаңадан құрылған көмекші қоймалардың материалдарын алу және шығару үшін E1 жүйесінде жұмыс істейді. Көмекші қоймада қанша және қаншалықты сақтау керек екенін анықтау үшін инвентарлық топтың шешімдері мен техникалық қызмет көрсету процедуралары арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушімен материалдың дұрыстығына және оның уақтылы жеткізілуіне қатысты сұрақтар шешеді. Қажет болған жағдайда ішкі рәсімге сәйкес қайтару жүргізеді және дұрыс материалды алуды қамтамасыз етеді. Қосарланған шығындарды болдырмау үшін ағымдағы материалдарды шығарып беру бойынша сандық талдауды жүргізеді. Жүкті кедендік ресімдеу жөніндегі Басшысымен, аса қажетті материалдарды жеделдету және қабылдау үшін Қабылдау және Қойма тобының Басшыларымен бірге жұмыс істейді. Жеткізілген жүкті жөнелтуге жауапты экспедитормен бірге жұмыс істейді, сондай-ақ жөнелту және келу күндерінің кешігуі бойынша жұмыс атқарады. Импакт тобының апта сайынғы жиналысына қатысады және орындалған жұмыстар көлемі мен метрика бойынша есеп береді. Үлкен көлемдегі жұмыстары жинақтауға және шұғыл тапсырыстарды орындауға E1-жүйесіндегі есептемелерді қолданады және әзірлейді. Қажет болған жағдайда бөлім басшыларына шығындық материалдар бойынша есеп береді. Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын, нұсқаулықтардын, рәсімдерін және бизнес-процестерінің талаптарын басшылыққа алады.
Білімі: Жоғары (техникалық). Жұмыс тәжірибесі: 3 жыл және одан жоғары, Техникалық қызмет көрсету тобында жұмыс тәжірибесі болуы артықшылық болып табылады. ИТ бойынша білімі және дағдылары: Microsoft Office сенімді қолданушы (Excel,Word) Outlook, JDE E1, Ariba. ТШО жабдықтарын және онған байланысты техникалық қызмет көрсету рәсімдерін жақсы білуі. Жоспарлау барысын жақсы білуі және түсінуі, басымдылықты анықтай білу және техникалық қызмет көрсету кестесін жасай білуі. Басқа да бөлімдермен жұмыстарды тиімді үйлестіру және ұйымдастыра білу қабілетінің болуы. Тапсырыс берушілермен байланысты орната алу қабілетінің болуы. Материалдарды түгендеу/сатып алу процестерін білуі. Жабдықтардың техникалық стандарттарын білуі. Қадағалаусыз жұмысты өз алдына жауапкершілікпен атқаруға дайын және қабілеті болуы.
Tengiz 28/28

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.