kz
RU EN

Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері

2018 жыл жоғары оқу орындарының бастауыш мамандары мен түлектерін жұмысқа тұрғызуға бағытталған әртүрлі іс-шараларға толы болды.

Біздің компания Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Алматыда ең ірі мұнай-газ жобасы үшін КИМЭП және басқа университеттердің қаржылық мамандықтары бойынша оқыған  түлектері үшін тестілеу өткізілді, нәтижесінде жас мамандар жұмысқа орналастырылды. КИМЭП қабырғаларында қысқа уақыт аралығында бірнеше жұмыс берушілермен шағын сұхбат алу мүмкіндігі бар блиц-сұхбат ұйымдастырылды. Алматыда біз АЭжБУ мен UIB секілді университеттердің студенттері мен түлектерімен кездесуге мүмкіндігіміз болды, ал ҚБТУ-дың қонақжай қабырғаларында еңбек нарығындағы жақын болашақта ең өзекті болатын мәселелер туралы материалдар ұсынылды. ALMAU университетімен біз тек кәсіби ғана емес, сонымен бірге достық қарым-қатынас орнатқанымызға көп жыл болды, сондай-ақ біз олардың 30-жылдық мерейтойына шақыруын үлкен қуанышпен қабылдадық. 

Назарбаев Университетіне МВА студенттері үшін «XXI-ғасыр дағдылары» тақырыбына презентация өткізуге сенім артып, шақырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Атырау университеттері мен колледждерінің студенттері мен түлектері үшін бірнеше бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Халықаралық бағдарламалар орталығымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында біз «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен ғалымдарымен кездесіп, оларға біздің компаниямыз және олардың мансаптық мүмкіндіктері туралы айтып беруге тамаша мүмкіндік алдық.

 

Біз Қ.Жұбанов атындағы АРСУ басшылығына тамаша ұйымдастырылған іс-шара үшін алғысымызды білдіреміз, бұл іс-шара барысында біз студенттерді біздің компаниямызбен таныстыруға, тест өткізуге, сондай-ақ сұхбаттан өту дағдылары және келешек дағдылары тақырыбымен мастер-класстар мен презентацияларды өткізуге мүмкіндік алдық. Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің басшылығына және Ақтаудағы Шет тілдер колледжінің басшылығына олардың қонақжайлылығы үшін, сонымен қатар студенттермен және түлектермен кездесуге, сәтті жұмысқа кіру сұрақтары бойынша кеңес беруге, ал үміткерлерге тестіден өтіп, қабілеттіліктерін тексеруге мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Еліміздің барлық білім беру орындарына жаңа жетістіктерге жетуін, түлектерінің табысты жұмыспен қамтылуын және лайықты марапаттарға жетуін тілейміз.

 

Тағы жаңалықтар

Көктемгі Атырау марафоны 2019
Бізден ұжымдағы қолайлы атмосфераны қалай сақтауға болатындығы  туралы жиі сұралады.
Алғыс күні
1 наурыз  Алғыс күні «Болашақ-Атырау» компаниясының қызметкерлері Алматы облысының  №1 балалар үйінде өткізілген концертке барып қайтты.
Боулинг турнирі
Өмір – баға жетпес сыйлық! Ол күресуге және ұтуға тұрарлықтай.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері
2018 жыл жоғары оқу орындарының бастауыш мамандары мен түлектерін жұмысқа тұрғызуға бағытталған әртүрлі іс-шараларға толы болды.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.