ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
Іс-шара өнеркәсіптегі адам өмірі мен амандығы үшін әрдайым жауапты мемлекеттік органдар, жетекші операторлар мен сарапшылардың басын қосқан маңызды алаң болды.
Конференция барысында қатысушылар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру әрі қолданыстағы цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибелерімен бөлісіп, қызметкерлерді оқыту мен дамытудағы жаңа тәсілдерді талқылады. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару тек жүйелер мен рәсімдерден ғана емес, әр қызметкердің төтенше жағдайда белгіленген талаптарға сай әрекет ету дайындығына да тікелей байланысты екені ерекше атап өтілді.
Кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік жасағаны үшін Petrocouncil ұйымына және конференцияға қатысқан барлық мамандарға алғысымызды білдіреміз. Осындай кездесулер аталмыш саладағы тәжірибені одан әрі жетілдіруге және персоналды дайындау деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Тағы жаңалықтар
