ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
Қатысушылар сатып алу рәсімдері, жеткізушілерге қойылатын талаптар, алдағы жұмыстарды іске асыру, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың ірі мұнай-газ және инфрақұрылымдық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады.
Bolashak Group үшін мұндай кездесулер операторлармен іскерлік әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасып, компанияның ауқымды жобалардағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кәсіби диалог орнатуға қолайлы алаң ұйымдастырғаны үшін Petrocouncil одағына алғысымызды білдіреміз. Bolashak Group отандық бизнестің дамуына және еліміздің стратегиялық маңызы бар жобаларындағы қазақстандық компаниялардың үлесін арттыруға бағытталған салалық бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысуды жалғастырады.
Тағы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
