kz
RU EN

ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Компания заманауи сауықтыру және профилактикалық кеңістікке қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, оны арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Бұл бастама орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтып, көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Жаңа тұзды бөлме өңір тұрғындары үшін сауықтыру шараларының қолжетімділігін арттырып, ем алушылардың денсаулығын қалпына келтіру мен нығайтуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Оңалту орталығының ресми ашылуы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өтіп, шараға Bolashak Group өкілдері қатысты. Орталық ұжымын жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймыз, алдағы жұмыстарына толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен келушілердің алғысына ие болуды тілейміз.

Қоғам үшін маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдау – Bolashak Group қызметінің басым бағыттарының бірі. Компания халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосатын жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.