АТЫРАУ МАРАФОН 2026
Мыңдаған адам бір мезетте сөре жолағын аттағанда, қала ерекше рухқа бөленеді. Әр жүгірушінің жолы – ұмтылыстың, төзім мен жігердің бейнесі.
Bolashak Group үшін жыл сайынғы марафонға қатысу - көп жылдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Биыл да компания ұжымы Atyrau Marathon 2026-ға белсенді қатысып, спортты корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналдыра түсті. Кеңседен тыс жерде де адамдарды ортақ мақсат пен бірлікке ұйыстыратын құндылықтардың маңызы осындай сәттерде айқын сезіледі.
Бірнеше марафон қатарында жігер сынасқан қызметкерлеріміз ерекше құрметке лайық. Мульдир Борашева Алматы мен Атырау қалаларындағы жарыстарда 10 шақырым қашықтықты сәтті бағындырса, Мендігүл Ғалымжанова BI Astana Marathon-да компания намысын абыроймен қорғады. Бұл - компанияның спорт кеңістігіндегі белсенділігін ғана емес, оның ел көлеміндегі танымалдылығын да арттыра түскен жарқын мысал.
Команданың әр мүшесі осы ортақ оқиғаның бір бөлшегі, төзімділік пен ауызбіршіліктің, бірге шыңдалуға деген ұмтылыстың тарихы. Әсіресе, жыл сайын мәреге жетіп, компания ішінде ұйымшыл жүгіру мәдениетін қалыптастырып жүрген қызметкерлерімізді ерекше атап өткіміз келеді: Софья Гузикова, Ботагөз Мұрзағалиева, Айжан Айтасова, Дана Жалымбетова, Әсел Жұмаева, Айжан Рахымғалиева, Алтынай Ақылбек, Артур Миниханов, Пак Евгений, Қуанышбек Қабдешев, Мұхаммед Жұмабаев, Жансая Үмбетова, Салтанат Кенжеғалиева және Мирас Әжіғұл.
Жарыс бойы қолдау білдіріп, ерекше атмосфера сыйлаған жанкүйерлерімізге шынайы алғысымызды айтамыз. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттауға және Атырау өңіріндегі спорт мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Atyrau Marathon ұйымдастырушыларына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Тағы жаңалықтар
