kz
RU EN

ENERGY REGION TALKS: АЙМАҚТЫҢ ҮНІ

Bolashak Group-тың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Айшабиби Закариева Energy Region Talks форумына қатысты.

Аталған шара бүгінде аймақтың заманауи коммуникациялық күн тәртібін қалыптастырып отырған кәсіби қауымдастықтың, мұнай-газ саласының жетекші PR-мамандары мен APRM сарапшыларының басын қосты.

Аталған шара бүгінде аймақтың заманауи коммуникациялық күн тәртібін қалыптастырып отырған кәсіби қауымдастықтың басын қосты.

Форум ұзақ уақыт бойы жабулы тұрған өзекті мәселелерді көтерген кәсіби пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар Қазақстанның мұнай-газ өңірлеріндегі ақпараттық саясаттың ерекшеліктерін, қоғамның күшейіп келе жатқан сұраныстарын, ірі мұнай-газ-химия жобалары кезеңіндегі коммуникацияның рөлін, HR-брендті дамыту мен жергілікті қауымдастықтармен сенімді байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ қазіргі еңбек нарығындағы мамандар тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бүгінде бизнес үшін басты міндеттердің бірі — ашық, түсінікті әрі жауапты өзара әрекеттесу ортасын қалыптастыру. Қазіргі таңда жұмыс берушілер тек еңбек жағдайы мен жалақы деңгейімен емес, сонымен қатар өз құндылықтары, беделі және корпоративтік мәдениеті арқылы да бәсекеге түсуде.

Bolashak Group үшін бұл қағидаттар ұзақ мерзімді стратегияның ажырамас бөлігі. Компания өз қызметі барысында сенімге, ашықтыққа және әлеуметтік жауапкершілікке негізделген ішкі, сыртқы және дағдарысқа қарсы коммуникация жүйесін тұрақты түрде дамытып келеді. Ол қызметкерлерді жүйелі оқыту мен тәлімгерлік бағдарламалары, MBA академиясы, көшбасшылықты дамыту мен жас мамандарды қолдау бастамалары арқылы жүзеге асырылуда.

Bolashak Group-тың корпоративтік мәдениеті қызметкерлердің белсенділігіне, адами капиталды дамытуға және команда ішіндегі тұрақты диалогқа негізделген. Компанияның ақпараттық саясаты цифрлық платформалар, іс-шаралар, стратегиялық сессиялар мен Bolashak Hub алаңындағы қызметкерлерді ынталандыру бағдарламалары арқылы қалыптасқан. Одан бөлек тұрақты даму, экологиялық бастамалар, қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға ерекше мән беріледі.

Energy Region Talks секілді кәсіби форумдарға қатысу қазіргі коммуникацияның тек ақпарат таратумен шектелмейтінін көрсетеді. Бүгінде PR - бизнестің тұрақты дамуына, қоғамдық қолдауды күшейтуге және дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға бағытталған стратегиялық құрал.

Ірі индустриялық жобалар шоғырланған өңірлер Қазақстандағы корпоративтік коммуникацияның жаңа мәдениетін қалыптастыратын маңызды орталықтарға трансформациялануда. Соңғы 30 жыл ішінде мұнай-газ саласы кәсіби сарапшыларды тәрбиелеп, беделі жоғары әрі коммуникациялық жүйесі мықты компаниялардың іргесін қалады. Сенімге, жауапкершілікке және аймақ ерекшелігін терең түсінуге негізделген бұл тәжірибе саланың әрі қарай дамуына, ашық диалог орнатуға және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың жаңа стандарттарын орнатуға берік негіз болып отыр.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.