kz
RU EN

Наурыз

Наурыз табиғаттың жаңаруын бейнелейтін Жаңа жыл мен көктемнің басталуын білдіреді.

Наурыз табиғаттың жаңаруын бейнелейтін Жаңа жыл мен көктемнің басталуын білдіреді. Наурыз - қазақтар арасында да, Орталық Азия мен Таяу Шығыстың көптеген халықтарында да бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан басты мереке. 

Болашақ групп компаниясында Наурыз мейрамы маңызды корпоративтік және мәдени шара болып есептелінеді. Биылғы жылы біз Наурызды безендіруден бастап, өнер көрсету мен дәмге дейін тойлаудың әртүрлі бүгде-шүгелерін ескере отырып, атап өттік. Барлық қызметкерлерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін мерекелік дайындыққа шығармашылдықпен кірістік. 

Шараның негізгі идеяларының бірі - кеңсе ішінде жартылай киіз үйлер орнатып, нағыз ауылдарды бейнелеу арқылы, шынайы әрі көңілді мерекенің ұмытылмас рухын сыйлау. Ал ерекше назарға ие болған, өз қызметкерлері үшін үлкен бір ауылға айналған компания орнатқан сахналық киіз үй болды.

Әр бөлім бұл идеяны қуана қолдап, өзінің киіз үйін ерекше тақырыпта безендіріп, мерекеге саналуандылық пен ерекшелік қосты. Мамандарды іріктеу бөлімі көптеген тауарлар мен кәдесыйларды көруге болатын «Саудагерлер» ауылына айналды. Қаржы бөлімі компанияның молшылығы мен өркендеуін бейнелейтін «Бай» ауылы болды. Мамандар ресурсын басқару бөлімі өзін "Болашақ" ауылы деп атап, компанияның келешегі мен болашағына аса назар аударды. Сапарлар, визалар және көші-қонды бақылауды ұйымдастыру бөлімі батырлармен біріге нағыз көшпенділерді бейнелеп, олардың киіз үйі саяхат пен батылдық рухын жеткізді. Ал Шаруашылық, Ақпараттық технологиялар мен Транспорт бөлімдері өздерін Атырау қаласындағы кеңсеміздің мекен-жайымен байланыстырып, «Әбілхайыр хан» ауылы атанды.

Әр бөлім ерекше қойылымдар мен бағдарламалар ұсынды. Қызметкерлер өздерінің шығармашылық өнерлерін би, ән және театр қойылымдарында сәтті жүзеге асырды. Мереке жарқын таланттармен, көңіл-күймен, қуанышпен есте қалды. 

Бұл жылы Наурыз мейрамын тойлау көптеген эмоциялар мен естеліктер қалдырып, Болашақ групп компаниясы үлкен отбасы секілді бірлігі нығайған ынтымақтастық символына айналды.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.