kz
RU EN

PetroHR 2024: «Адам – қуаттың қайнар көзі»

Мұнай-газ саласындағы кадр біліктілігін арттыру және адами капиталды басқару ынтымақтастығын дамыту шеңберінде 23 тамызда Ақтау қаласында PetroHR 2024: «Адам – қуаттың қайнар көзі» атты форумы өтті.

Мұнай-газ саласындағы кадр біліктілігін арттыру және адами капиталды басқару ынтымақтастығын дамыту шеңберінде 23 тамызда Ақтау қаласында PetroHR 2024: «Адам – қуаттың қайнар көзі» атты форумы өтті. «ҚазМұнайГаз» АҚ қолдауымен бұл шараның ұйымдастырушысы Petroсouncil одағы болды. Іс-шара жетекші мұнай-газ операторларының топ-менеджментін және мемлекеттік органдар мен мұнай сервистік компаниялардың өкілдерін біріктірді. 

Жасанды интеллектті пайдалану мен HR-басқаруды цифрландыру, Қазақстандағы мұнай химиясы мен полиэтилен өндірісі, компаниялардағы дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мұнай-газ саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту мен басқарудағы негізгі бағыттар мен жаңа трендтер, және басқа да көптеген мәселелер талқыланды. 

Тәжірибе мен идеялар алмасу аясында аса маңызы бар стратегиялық сессия түрлі компаниялардың мамандарын біріктірді. Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған форум соңында өткізілген квиз  - HR мамандарына еліміздің, сонымен қатар әлемдік мұнай алыптарының тарихы жөнінде өз білімі мен эрудициясын көрсетуге мүмкіндік берді. 

Қазақстанның батыс аймақтары үшін осындай маңызды шараның қатысушысы ретінде мүмкіндік бергені үшін Petrocouncil-ге, барлық серіктестерге және Dunga Operating GmbH бас демеушісіне алғыс білдіреміз.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.