“Human Capital 2024” форумы
12-13 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы ұйымдастырған "HUMAN CAPITAL FORUM 2024: 3D Интеграция және HR жиегінен шығу" іс-шарасы өтті.
12-13 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы ұйымдастырған "HUMAN CAPITAL FORUM 2024: 3D Интеграция және HR жиегінен шығу" іс-шарасы өтті. Форум Қазақстанның түкпір-түкпірінен түрлі сарапшыларды, жетекші компаниялардың басшыларын және бизнес иелерін біріктірді. Бұл шара HR-кейстерді, нетворкинг пен жаңа танысуларды, шақырылған спикерлердің, сарапшылар мен хедлайнерлердің баяндамаларын қамтитын мазмұнды және серпінді бағдарламаға толы болды.
Форумның негізгі тақырыптары:
- Айқас-әсер: Маркетинг және HR
- Заманауи басқару: Дәстүрден инновацияға дейін
- Инновациялық басқару: Шығармашылық тәсілдер мен стратегиялар
Іс-шараның басты инсайты – жетекші сарапшы Наталья Гилеваның қазіргі еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістері мен олардың замануи компаниялардың ұйымдық тәртібіне әсері туралы талқылауы болды. Бұған қоса, корпоративтік мәдениет, персоналды басқару және қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынас мәселелері қарастырылды.
Осындай маңызды оқиғаға қатысу мүмкіндігі үшін форум ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз. Бұл форумға Bolashak Group атынан МРБ Менеджерлері Гаухар Джамалова (Болашақ-Атырау) мен Жанар Заузабаева (Новус Болашақ) қатысты.