UIB Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі
11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді.
11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді.
Алматы қаласының 300-ден астам жұмыс берушілері мен 500-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерін бір жерде біріктірудің бірегей мүмкіндігі ұсынылды.
Жәрмеңкеге мемлекеттік ұйымдар, жергілікті және шетелдік жеке компаниялар, кәсіби дайындықпен айналысатын білім беру компаниялары мен ұжымдары қатысты.
Университет ғимаратының алдында жұмыс берушілер үшін форум өткізіліп, UIB Президенті құттықтау сөзін сөйледі.
Университеттің АТ бөлімінің меңгерушісі форум тыңдаушыларын өзі өңдеген ALMATY JUMYS қосымшасымен таныстырды. Қосымшада жұмыс беруші ретінде тіркелген күнде, бос қызмет орындарын жариялап, онда тіркелген студенттермен кері байланыс жасауға болады.
Жұмыс берушілер студенттерге көмек ретінде тағылымдамадаға орналасу, оған бейімделу, жұмысқа орналасу және сынақ мерзімінен өту тағы басқа тақырыптар бойынша көптеген мастер-класстар өткізді.
Жәрмеңкенің басты мақсаты барлық түлектерді жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру үшін жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің арасындағы өзара әрекеттесу нүктесін табу болып табылады.
Тағы жаңалықтар
МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.
