Ашық есік күні
25 сәуір күні Болашақ-Атырау өз клиенттері үшін ашық есік күнін өткізді.
25 сәуір күні Болашақ-Атырау өз клиенттері үшін ашық есік күнін өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты клиенттерімізді компанияның жұмысымен таныстыру, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінде және одан тыс елдерде түрлі экономика секторларына18 жыл бойына көрсетіп келе жатқан қызметіміз туралы толығырақ ақпарат беру.
Қонақтарымыздың назарына қызмет ету кезеңіндегі бірегей кадрлар мен ақпарат жиналған презентациялы және бейне материалдары ұсынылды. Қонақтар көп жылдан бері бірге қызмет етіп келе жатқан, алайда жеке танысу мүмкіншілігі болмаған компания қызметкерлерімен тілдесті. Біз жұмыс процестері қалай ұйымдастырылғаны, компанияның соңғы қызық жаңалықтары, сондай-ақ енгізілген жаңа инновациялық үдерістер туралы айтып бердік. Арнайы шақырылған бизнес-тренер Елена Лазареваның өткізген «Эмоционалды интеллект» бойынша мастер-классы ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтарымыздың және әріптестеріміздің бұл күннен алған әсері зор болды. Жұмыс күні аяқталғанына қарамастан бір-бірімен қоштасқысы келмей, ой- пікірлерімен, идеяларымен алмасуды және сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.
Ұйымдастырушы ретінде, біз үшін іс-шара өте жемісті болды, қонақтарымыз да өздеріне қызықты да пайдалы мәліметтерді жинады деп сенеміз.
Біз үшін клиенттерімізді кеңсемізде қабылдау – үлкен құрмет және біздің алдағы кездесулеріміздің және іс-шараларымыздың бұдан да қызық болуына бар күшімізді саламыз.
Тағы жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.