kz
RU EN

Марафон

Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.

Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр. Осы жолғы марафон да сәтті өтті: оған үлкен қолдау тобының демеуімен көптеген спортсмендер қатысты. Тамаша ауа-райы барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге драйв және позитивті энергияс қос және олар өздерінің әсерлерімен бөлісті: Куинтин Голди (қатысушы): Осы тамаша спорттық іс-шараға Болашақ компаниясынан мені қоса 23 адам қатысты. Барлығы да – 10 км жүгіріске. Сондай-ақ біздің тамаша қолдау тобымыз басынан аяғына дейін қолпаштады. Ажар Алимаканова, біздің қаржы менеджеріміз, 10 км жүгірісін сәтті аяқтап , нәтижесінде қайырымдылық мақсаттарға 1000 доллар тапты. Келесі жылдық марафонға Болашақтан бұдан да көп адам қатысады деп сенемін. Ажар Алимаканова (қатысушы): Марафон өткізу идеясы қоғамның денсаулығына үлкен үлесін қосады. Бұл іс-шараға көптеген жастардың белсенді қатысқаны жаныңды жадыратты. Өз күшін сынап көргісі келетін әрбір адам марафонға қатыса алады! Барлығы керемет өтті! Жарыстан алған мерекелік көңіл күй мен қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес! Мен осындай ыстық күні бізді қолдап, 10 шақырымды жүгіріп өтуге қосымша күш берген жанкүйерлер мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді! Енді 2019 жылы өтетін марафонға дайындаламыз! Айкен Құмғанбаева (жанкүйер): «Болашақ-Атырау» компаниясының ұжымы марафонға қайырымдылық және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысады. «Кеудесінде өрт, аяғында қанаттары бар» деген қанатты сөздің дәлелін көрсетіп жатқан марафон қатысушыларымыздың ерік күшіне жігер беру үшін, оларды белсенді түрде қолдаудды шештік.. Біз ең үздік жанкүйерлер тобы болдық, оған марафоншылардың шынайы да қуанышты күлімсіреулері дәлел. Біздің шумақты ұрандарымыз марафоншыларды сергітіп, өздерінің қабілеттеріне деген сенімді арттырып, жеңіске деген еркін күшейтті! Өзіміздің жеке туымызды желбіретіп, креативті плакаттарымызға, әртүрлі жанкүйерлік атрибуттарымызды қоса отырып, әдемі тілек- күлкілерімізбен біз өз спортшы-әріптестеріміз және өзіміз үшін марафонды үлкен мерекеге айналдырдық. Наталья Цой (жанкүйер): Марафонды өту – айтарлықтай қиын және күрделі, олар үшін достарының,әріптестерінің қолдауы өте маңызды , сондықтан біз жанкүйерлер командасы ретінде марафоншыларды құрметтеу жауапкершілігін өзімізге алдық Марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылды: мерекелік атмосфера сезіліп, стадионда, алаңда, мәреде жарқын жүздер соншалықты көп болды. Адамдар өзгелердің жетістіктеріне шынайы қуанып, өздері де шағын жеңістерге қол жеткізгендей керемет көңіл күйде жүрді. Әрбір марафоншының мәреге бірінші болып келмесе де, қатысудан алған қуанышын көрсеңіз ғой!!! Олардың барлығы да жеңімпаздар! Кунжамила Сахаинға қызықты идеялар үшін бөлек алғыс айтқым келеді; осындай идеялары бітпесін, ал біз оларды қолдауға және іске асыруға әрдайым дайынбыз! Наталья Ли (жанкүйер): Әуесқойлар үшін марафон - күннен күнге кеңінен таралып жатқан салауатты өмір салтын қалыптастырудың және ынталандырудың үлгісі болып табылады. Атырауда марафон екінші жыл өткізіліп жатыр және болашақта тек ересектер ғана емес, балалар арасында да танымал болады. Марафонға қатысушылар - мақсат қойып, оған қол жеткізуге талпынатын адамдар. Марафонға мүмкіншіліктері шектелген адамдар да қатысты; олар өздерінің жеке үлгісімен қиындықтарды жеңіп, жетістікке жету қабілетін көрсете білді. Біздің қолдау тобымыз осы шараға шағын болса да өте креативті үлесін қосты. Біз марафонға қатысушылардың барлығын бірдей қолдап , қажетті көңіл-күй сыйлап, бәріне сәттілік тіледік. Бәлкім қолдау тобының қатысушылары келесі жылы жүгірушілер тобына ауысу мақсатын қойып, оған да қол жеткізер!

Тағы жаңалықтар

Балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз мереке қарсаңында балаларға арналған іс-шара өткіздік.
Марафон
Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.
UIB Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі
11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді.
«Болашақтың» әйелдер батальоны!
Болашақ Атырау тобы кезекті ерлер мерекесі - Отан қорғаушылар күнін және еліміздің басты мерекелерінің бірі - Жеңіс күнін атап өтті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.