Біздің көп ұлтты кадрларды өздерінің бай тәжірибесі мен дағдыларын қолдана отырып, табыстарға жеткізу үшін жедел де оралымды басқаратын мықты тобымыз бар. Қазақстандық кеңселеріміздегі қызметтерге көп тілді меңгерген негізгі қазақстандық мамандар жинақталып, әзірленген, оларға мұнай-газ, тау-кен өндіру, телекоммуникация және өнеркәсіптің басқа да салаларына халықаралық деңгейде қызмет көрсете алатын, сондай-ақ Қазақстанда бизнес жүргізуде зор тәжірибеге ие қазақстандық азаматтардан тұратын атқарушы топ басшылық етеді.
Алма Нсанбаева
Бас директор
Алма "Болашақ" компаниялар тобына 2012 жылы қосылды және компанияның дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Ол әр түрлі салаларда және көпұлтты компанияларда қызметкерлерді басқаруда 12 жылдық тәжірибесін алып келеді.
Адамдар кез-келген ұйымның ең маңызды ресурсы болып табылады, сондықтан Алма "Болашақ" үшін өте маңызды рөл атқарады. Оның басшылығымен мамандар ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мен енгізуде айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Өзінің жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларымен ол қызметкерлерді оқыту мен дамытудың тиімді бағдарламаларын сәтті жүзеге асыра алды. Заң, экономика, менеджмент, MBA дәрежесі және кең жұмыс тәжірибесін және әр түрлі салаларда білімін алып келе тұра, ол еңбек қатынастары мен тұлғааралық қақтығыстарды басқарудың барлық аспектілерін біледі. Өзінің көшбасшылығының, мықты ұйымдастырушылық қасиеттерінің және кәсібилігінің арқасында Алма қызметкерлерді басқару мен компанияның дамуына серпін мен оң өзгерістер енгізді. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Алма Бас директор лауазымына тағайындалды.
Марат Тұрақбаев
Қаржы директоры
Марат Тұрақбаев компаниялар тобының қаржылық жүйесінің нығаюы мен дамуына маңызды үлесін қосты. Ол қаржы саласында 12 жылдық тәжірибеге ие, және ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген. Мараттың еңбек ғұмырнамасы ірі халықаралық сервистік мұнай-газ компанияларында істеген 8 жылдық жұмысты қамтиды. Ол жерлерде Каспий аймағы бойынша бухгалтерлік есеп менеджеріне дейінгі еңбек жолын өткен болатын. Марат қаржылық менеджмент, кәсіпорынды басқару жүйелерін енгізу, аудит пен ішкі бақылау, сондай-ақ аутсорсинг негізінде басқа ұйымдар орындайтын қызметті басқару мәселелерін жақсы біледі. Болашақтағы Мараттың міндеттеріне компанияның қаржылық есептерін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес жүргізу, бысшылық және Директорлар кеңесі үшін барлық қаржылық есептер мен деректерді дайындау кіреді және бұл жұмыс қаржылық қызмет пен бухгалтерлік есептің барлық тұстарын қамтиды. Ол біздің барлық қаржылық және бухгалтерлік мәселелеріміздің шешілуіне жауапты.
Эдельвейс Темірғалиева
Коммерциялық директор
Эля қәзіргі таңдағы Коммерциялық директор лауазымына «Болашақ» компаниясында түрлі кызметтерді атқара жүріп өсті. Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген Эля, «Болашаққа» компания алғашқы қадамдарын бастаған кезде келген еді. Біздің түрлі салалардағы қызметтерімізді басқаруға тікелей ат салысудың арқасында, оның «Болашақ» компаниясындаға бизнес туралы бірегей пікірі қалыптасты. Эля «Болашақтағы» қызметін жалақыны төлеу үдерісін басқарушы ретінде Ақсайдағы кеңсемізде бастап одан әрі келісім-шарттар бойынша қызметтерге тартыла бастады. Осыдан кейін ол Атырауға ауысып, компанияның коммерциялық менеджері қызметіне тағайындалды. 2011 жылы Эляның мансап жолы Коммерциялық директор лауазымы ретінде келесі деңгейге жоғарылады. Оның функцияларына келісім-шарттарды, сондай-ақ бүкіл коммерциялық сұрақтар мен ұсыныстарды басқару қосылды. Қазір ол Орал қаласындағы қеңседе қызмет атқарады, сонымен бірге біздің Батыс Қазақстан аймағы мен Астана қаласындағы қызметімізді басқару үшін жауапты. Эля Ұлыбритания және Ирландия елдеріндегі тренингтерге қатынасып, өзінің білім деңгейін көтеруді жалғастырады; бұл оның үлкен тәжірибесі мен Болашақтың қызметі туралы білімін қосқанда бідің тобымыздың өте маңызды мүшесі екенін білдіреді.
Малика Кемелханова
МРБ директоры
Малика өз мансаптық жолын 2003 жылы «Болашақ-Атырау» компаниясында Кадрлар бөлімінің ассистенті ретінде бастады. Логистика, жобалық жұмыс, қызметкерлерді басқару және келісімшарттар саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Теңіз, Қашаған кен орындарында, сондай-ақ Катар мемлекетінде қызметкерлерді жұмылдыру және жалдау процесін үйлестіру бойынша түрлі жобаларда жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап «Болашақ Атырау» компаниясының шетелдік және жергілікті қызметкерлерді жұмылдыру, көші-қонды бақылау және логистика жөніндегі бөлімді басқарумен, шетелдік және жергілікті қызметкерлер үшін әртүрлі рұқсат құжаттарын ұйымдастырумен және алумен, мемлекеттік органдармен жұмыс істеумен айналысты. Компания қызметкерлерінің вахталық ауысымы, орналасуы, ҚР және шет елдер бойынша іссапарлар процестерін бақылауды жүзеге асырды. 2024 жылдың мамыр айынан бастап МРБ директоры лауазымына ауыстырылды.
Светлана Жалковская
Алматы филиалының Директоры/ Мамандарды іріктеу және Сапа, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімдерінің басшысы
Светлана көптеген жылдар бойы Болашақ командасының маңызды бөлігі болып табылады. Ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген ол "Болашақ" компаниясына Астана қаласындағы біздің кеңсеге 2001 жылы қосылды. Алғашқыда Светлананың рөлі бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс жасайтын "Болашақ" компаниясының шетелдік қызметкерлері үшін Астана қаласында жұмыс рұқсаттарын алу процесін басқаруда болды. Жұмыс рұқсаттарын алу процесіне жауапкершілік бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік орталықтарға ауысқаннан кейін Светлана Алматы қаласына көшіп келіп, 2003 жылы біздің филиалымызды ашты. Оның басшылығымен Алматы қаласындағы кеңсе Алматы мұнай-газ компанияларымен, сондай-ақ тау-кен, телекоммуникация және басқа да салалардан клиенттермен келісімшарттар жасасқан дербес бизнес-бөлімшеге айналды. Светлана Алматыда және Қазақстанның шығыс өңірлерінде бизнестің барлық аспектілерін, соның ішінде қызметкерлерді іріктеуді, логистиканы, операциялық қызметті және бизнесті дамытуды басқарады. Ол сондай-ақ корпоративтік мәселелерді шешуде баға жетпес қолдау көрсетіп, "Болашақ"компаниясының PR және маркетингтік функцияларын қадағалайды. Қазіргі уақытта Светлана Алматы филиалының директоры, қызметкерлерді іріктеу және сапа, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы лауазымдарын қоса атқарады.
Компания жаңалықтары
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.