kz
RU EN

Құбыр жүйесін жобалау бөліміне Инженер

7161
Жұмыс күні 24.04.2025
Жұмыстың жабылу күні 08.05.2025
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Gulmira Sailybayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
1 Жобалау үдерісінің барлық кезеңдерінде жобалық құжаттаманы әзірлеуге тікелей қатысу; 2 Техникалық есептеулер жүргізу, техникалық шешімдердің баламаларын әзірлеу, нақты жобалау жағдайларына арналған техникалық-экономикалық бағалау жасау және түпкілікті шешім қабылдау үшін өзінің ұсыныстарын жетекші инженер мен бас маманға ұсыну; 3 Өз мамандығы бойынша құрылымдар, тораптар, нысандардың жалпы көрініс сызбаларын, есептерін, бас жоспарларды, технологиялық схемаларды дербес орындау; 4 Өз саласына сәйкес түсіндірме жазбаның бөлімдерін, орындалатын жұмыстардың көлем ведомостарын, тапсырыстық спецификацияларды жасау; 5 Жетекші инженер мен бас маманның басшылығымен өз жұмысын топтағы басқа қызметкерлердің жұмыстарымен үйлестіре отырып орындау; 6 Өзі жасаған техникалық құжаттамаға қол қою және оның толықтығы мен есептік деректерге сәйкестігіне, техникалық шешімдер мен есептеулердің дұрыстығына жауап беру; 7 Типтік шешімдер, құрылымдар, бөлшектер, схемалар және басқа да жобалық материалдар болған жағдайда, жеке жобалар әзірлеуге жол бермеу; 8 Типтік шешімдерді, нормалар мен мемлекеттік стандарттарды (ГОСТ) дұрыс қолдануға жауап беру; 9 Өндірістік тапсырмаларды белгіленген мерзімде және жоғары сапамен орындау; 10 Техникалық оқыту шараларына белсенді қатысу; 11 Өз саласына қатысты ғылым мен техниканың жетістіктерін қадағалап отыру және оларды жобаларда қолдану, ғылыми еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу; 12 Жаңа техникалық әдебиеттерді, нұсқаулықтарды және нормативтік құжаттарды оқи отырып, кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру; 13 Орындалған жұмыстар бойынша күнделікті есеп жүргізу.
∙ Технологиялық машиналар мен жабдықтар, мұнай-газ ісі, мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау және пайдалану салаларында жоғары техникалық білімі болуы қажет ∙ Аға инженер үшін жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, инженер үшін кемінде 5 жыл, жобалаушы үшін кемінде 3 жыл болуы тиіс
Атырау 5/2 ҚР азаматтар үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.