kz
RU EN

Электрмен жабдықтау бөлімінің жетекші инженері

7104
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Aktolkyn Nuptollayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
1 Өзiне тапсырылған жобаның бөлiгi бойынша ең күрделi тораптарды (сызбалар, есептеулер, негізгі жобалық құжаттар) әзірлеуге басшылық жасау және техникалық жетекшілік ету; 2 Жоба бөлімінің құжаттамасын тексеру, келісу және бекіту (қол қою); 3 Қажет болған жағдайда, бас жобалаушы инженермен бірге, жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға немесе құрылыс алаңын таңдауға қатысу; 4 Техникалық құжаттаманы жасау үшін тапсырмаларды және бастапқы деректерді, сондай-ақ жобаға қатысты хат-хабарларды, сараптама қорытындыларын, техникалық кеңестердің хаттамаларын, қорытындыларды және басқа да материалдарды зерттеу; 5 Белгіленген қызметкерлерге техникалық басшылықты жүзеге асыру, олардың жұмысын үйлестіру және бағыттау, техникалық көмек көрсету; 6 Жұмысты топ жетекшісі және/немесе бас маман белгілеген мерзімде орындауды қамтамасыз ету; 7 Топ жетекшісі мен бас маманның, бас жобалаушының (ГИП) тапсырмасы бойынша техникалық құжаттамаға қажетті түзетулер енгізу; 8 Өзінің қатысуымен жобаланған құрылыстардың авторлық қадағалауына қатысу; 9 Бас маман және/немесе топ жетекшісімен бірлесіп, өзіне тапсырылған объектіні жобалауға байланысты негізгі жобалық ережелерді әзірлеуге қатысу; 10 Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру, жаңа техникалық әдебиеттерді, нұсқаулық және нормативтік материалдарды зерттеу.
1. Жоғары кәсіби білім және аға инженер лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. 2. Жобалау бойынша нормативтік материалдарды білу. 3. Энергетикалық жабдықты пайдалану және жобалау нормаларын білу. 4. Жобалау құжаттамасын жобалаудың барлық кезеңдерінде әзірлеу. 5. Бөлінген қызметкерлерге техникалық басшылықты жүзеге асыру. 6. Жобаның кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде жұмысты орындау және атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсыну. 7. Электр жабдықтарын таңдау және жеткізушілердің құжаттамасын қарастыру.
Атырау 5/2 ҚР азаматтар үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.