Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру инженері
7039
Жұмыс күні 29.01.2025
Жұмыстың жабылу күні 12.02.2025
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (20 hours)
Байланыс тұлғасы Shynar Urynbaeva
E-mail recruit@bolashak.com
Жұмыс күні 29.01.2025
Жұмыстың жабылу күні 12.02.2025
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (20 hours)
Байланыс тұлғасы Shynar Urynbaeva
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
• Жобалаушы мердігерлер арқылы сапалы жобалау құжаттарының дайындығын қамтамасыз етіп, жобаны жүзеге асыру.
• Ілеспе жобалардың сәтті жүзеге асуына кешенді топ мүшесі ретінде атсалысу.
• Атырау қаласындағы жергілікті жобалаушы мердігерлердің инженерлерімен бірлесіп кезекті жоба талдауларын өткізу, жоба сапасын қамтамасыз етіп, бақылау, жобалаушылардың сауалдарына уақтылы жауап беру, жоба және жоба топтарының басшылығына арнайы техникалық есеп беру.
• Agile (Scrum / Kanban) талаптары бойынша өтетін жоба кезеңдеріне атсалысып, қолдау көрсету.
• Жобаны қолдау үшін өткізілетін өндірістік қауіпті факторлар талдауларына және ҚТ тексерулеріне қатысу.
• Жобаларды әзірлеу барысында оның мақсаттарын анықтауға пайдаланылатын жоба инженерлерінің ақпаратын дайындауға қатысу.
• ТШО жұмыс көлемінің құжаттамасын негізге ала отырып, жобалаушы-мердігер мен жеткізуші топтарының мүшелеріне автоматтандыру және басқару талаптары мен жоба мақсаттарын түсінуге көмектесу.
• ТШО үлгілері мен техникалық шарттарымен сәйкестендіру мақсатында жеткізуші мен жобалаушы-мердігердің автоматтандыру мен бақылауға қатысты жобалық құжаттарын, сызбаларын тексеру.
• ТШО шығаратын жұмыс көлемі бойынша құжаттардың негізінде жобалау компанияларының және жеткізушілердің өкілдерінің БӨА және АҚЖ жобалауына қойылатын талаптарды және жобаның мақсаттарын түсінулерін қамтамасыз етеді. Өрт және газ кемуін анықтау жүйесіне арналған себеп-салдар диаграммасын тексеру, оған ескертпе беру, оны әзірлеу.
• ТШО Автоматтандырылған қауіпсіздік жүйелері (АҚЖ) жөніндегі тобымен толыққанды қызметтесу арқылы жобаларда қауіпсіздік жүйеге қатысты талаптардың ТШО АҚЖ техникалық шартына сай ескерілуін қамтамасыз ету.
• Жоғары техникалық білім (әсіресе, автоматтандыру және бақылау жүйелері саласында).
• 3 жылдан астам расталған жұмыс тәжірибесі бар.
• Бақылау жүйелерін жобалау, AB ControlLogix, HIMA, ICS Triplex немесе Honeywell Safety Manager/FSC немесе Experion C300/HPM салаларында білікті маман.
• Қауіпсіздік жүйелерінің тұтастығын бағалау жөнінде хабардар.
• Шеткі құрылғы мен бағдарланатын логикалық бақылаушы, апаттық тоқтама, өрт және газ кемуін анықтау, SCADA, үлестірілген бақылау және Experion жүйелері аралығындағы түрлі байланыс хаттамалары мен желі құрылымдары жөнінде жанжақты білімі бар.
• Қауіпсіздік, дабылдама және адам-машина интерфейс жүйелерінің мақсаттарын, өндірістің қауіпті факторларын талдау жөнінде хабардар.
• Автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесі мен технологиялық үдерістерді автоматтандыру жүйесін жобалау жөнінде түсінігі бар.
• Қауіпсіз жұмыс әдіс-тәсілдерін басшылыққа алып, қолданады, үлгілі қауіпсіздік көшбасшысы.
• Кешенді жобаларды сәтті, уақтылы және бюджетіне сай орындау үшін жобаның түрлі саласындағы іс-шараларды үйлестіріп, қадағалайды.
Атырау 5/2 ҚР азаматтар үшін
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.