kz
RU EN

Жалпы құрылыс және металл құрылымдарын жобалаушы-құрылысшы 3-санатты инженер

6992
Жұмыс күні 20.12.2024
Жұмыстың жабылу күні 10.01.2025
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (20 hours)
Байланыс тұлғасы Rustam Atabayev
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Жалпы құрылыс және металл құрылымдар жөніндегі инженер КТЖ және ЕБЗ/ШГА-ға қатысты барлық жобаларға, сондай-ақ өзге де зауыт сыртындағы нысандарға қатысты жобаларға жауапты болады. Мұндай жобалар сенімділікті қамтамасыз ету, құбырлар, материалдар, тоттанудан қорғау, электрмен жабдықтау, жалпы құрылыс және метал құрылымдар, жылжымайтын және айналмалы механикалық жабдықтар, БӨА және АБЖ элементтерін қамтиды. Әртүрлі нысандардың жалпы құрылыс және метал құрылымдар бөлігін жобалау, соның ішінде Құрлықтағы өндіріс нысандары (ұңғы алаңдары, шығу желілері, мұнай жинау желілері, топтық өлшеуіш қондырғылары, орталық таратқыш манифольдтар) • Мұнай мен газды айыру және өңдеу, газды күкірт қоспаларынан тазарту Қышқыл газды өңдеу, күкіртті өңдеу, сақтау және тасымалдау, сұйылтылған тауарлық көмірсутекті газды фракцияға бөлу, сақтау және тасымалдау • Шикі мұнайды сақтау және тиеу, теміржол мұнай құю эстакадалары • Жолдарды, қоймалық шаруашылықты және электрмен жабдықтауды қоса алғанда, Теңіз кенішінің инфрақұрылымы • Су жинаушы құбырды, су жинау, бейтараптау және буландыру тоғандарын қоса алғанда, рН деңгейі төмен жаңбыр суын тазартуға және кәдеге жаратуға арналған жаңа нысандар. Жобалаушы мердігерлер тапсырған жұмыс және жобалық құжаттама топтасамасының сапасын тексеру және оларды бекіту. Жалпы құрылыс және метал құрылымдары бойынша ТШО-ның техникалық шарттары мен стандарттарын қажеттілігіне қарай тексеру және жаңарту. ТШО-ның жоспарлау тобына шығындарды бағалау және жобаны іске асыру мерзімдері бойынша техникалық қолдау көрсету, жалпы құрылыс және метал құрылымдар бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарды басқару. ТШО-ның күрделі жобаларының жалпы құрылыс және метал құрылымдары бойынша жұмыс құжаттама топтамасын дайындау және тексеру, жобалаушы мердігерлер тапсырған жұмыс және жобалық құжаттама топтамаларының сапасын тексеру және оларды бекіту.
• Құрылыс және жобалау саласында жоғары техникалық білімі бар (тиісті салада магистр дәрежесі болғаны жөн) • Өнеркәсіптік құрылыста (мұнай-газ саласында) 5 жылдан астам тиісті лауазымдық тәжірибесі бар • STAAD Pro., MS Office Programs (Word, Excel, Powerpoint) сияқты компьтерлік бағдарламаларын білу тиіс
Атырау 5/2 ҚР азаматтар үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.