kz
RU EN

Аға инженер электрик

6829
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Lidiya Kabiyeva
E-mail recruit@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Күнделікті міндеттері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Стандартты міндеттер аясына мыналар жатады: • Жылына екі рет жеке мақсаттарды жаңартуды орындап, олардың түзетілуін және Тұтастық, сенімділік және техникалық қызмет көрсету бөлімі басшысымен келісілуін қамтамасыз ету. • Дербес даму жоспарының жаңартылуын Тұтастық, сенімділік және техникалық қызмет көрсету бөлімі басшысының назарына жеткізу және онымен келісу. • Техникалық қызмет көрсетуді дамыту-дың жоғары деңгейіне қол жеткізуде бөлім бағдарламасына қолдау көрсету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясындағы қызметте Компания саясаттары мен рәсімдерінің, халықаралық заңдардың, ережелер мен нормалардың және ҚР заңдарының, ережелері мен норма-ларының сақталуын қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында Synergi барлық тиісті жағдайлары, ішкі және сыртқы инспекциялардың ұйғарымдары және денсаулықты, еңбекті, қоршаған ортаны қорғаудың басқа да мәселелері бойынша тапсырмалардың уақтылы және белсенді орындалуын қамтамасыз ету. • Электр жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу кестелерін әзірлеу. • Жергілікті талаптарға, халықаралық стандарттарға және өндірушінің нұсқауларына сәйкес электр жабдықтарын тексеру және техникалық қызмет көрсету көлемі мен міндеттерін әзірлейді және қайта қарайды. • Ұйымға жаңадан келіп түсетін электр жабдықтарына техникалық бағалау жүргізу. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында жоспарлы тоқтату кезінде жұмыстарды жоспарлау үшін ақпараттың уақтылы және белсенді берілуін қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында барлық тиісті есептер бойынша тапсырмалардың уақтылы және белсенді орындалуын қамтамасыз ету және жоспарлы тоқтату бойынша қателіктермен жұмыс істеу. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында жабдықтың тұтастығы мен сенімділігінің қажетті деңгейімен техникалық қызмет көрсету бойынша алдағы жұмыстар кестесінің белсенді жоспарлануын, дайындалуын және құрылуын қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында, мердігерлік ұйымдарды басқаруды қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету жұмыстарының белсенді үйлестірілуін қамтамасыз ету. • Кен орнына жұмылдыруды бастамас бұрын мердігерлік ұйымдардың персоналы үшін офисте алдын ала нұсқама жүргізілуін қамтамасыз ету, кен орнындағы байланысушы тұлғалар туралы ақпарат беру, Компанияның қауіпсіздік техникасы саласындағы тиісті нормалары, ережелері және саясаттары туралы хабардар ету. • Кен орнына жұмылдыруды бастамас бұрын мердігерлік ұйымдар персоналының қажетті біліктілігі, жабдықтары мен құралдары бар екендігіне көз жеткізу. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында жүргізіліп жатқан техникалық қызмет көрсету жұмыстары туралы ақпаратты үнемі алып отыру үшін кен орнындағы техникалық қызмет көрсету бөлімімен, өндіру бөлімімен, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптармен байланыста болуды қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында елеулі, маңызды және/немесе күрделі жөндеу жұмыстарына қатысуды қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында жабдық құжаттамасының және жоспарлы алдын алу жұмыстары (ЖААЖ) рәсімдерінің үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында болжалды шығындар мен бюджет жөніндегі ақпараттың берілуін қамтамасыз ету. • Жұмыскердің жауапкершілігі аясында шоттардың уақтылы төленуін және шығындардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету. • Құжаттаманың уақтылы қаралуын және сұраным бойынша Жобаларды басқару және инжиниринг бөліміне түсініктемелердің берілуін қамтамасыз ету. • Жаңа нысандарды қабылдау-тапсыру сынақтарына қатысу. • Өз қызметі бойынша журналдың жүргізілуін қамтамасыз ету. • Энергетикалық жабдықтардың, электр желілерінің үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөнделуін және жаңғыртылуын қамтамасыз етеді. • Техникалық қайта жарақтандыруға, энергетикалық шаруашылықты дамыту-ға, энергиямен жабдықтау жүйелерін қайта құруға және жаңғыртуға қажетті негіздемелерді дайындайды. • Энергетикалық шаруашылықты пайда-лану үшін қажетті жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, энергиямен жабдықтайтын кәсіпорындардың қосымша қуаттылық-тарын қосуға өтінімдерді құрастырады. • Отынның және энергияның барлық түрлерінің шығын нормаларының сақталуын бақылайды. • Энергетикалық жүйеге ең жоғарғы жүктеме сағаттарында энергетикалық жүктемелерді азайту кестелерін жасайды және ұйым бөлімшесі үшін белгіленген шама шегінде олардың орындалуын қамтамасыз етеді. • Ұйымда орнатылған электр қондырғыларын паспорттауды жүргізеді. • Энергетикалық қондырғылар мен желілерді сынауға және өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауға, энергетикалық жабдық апаттарының себептерін қарауға қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау шараларын әзірлейді. • Ұйымда қолданылатын электротехникалық аспаптарды техникалық қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ электр қондырғылары мен энергетикалық шаруашылықтың басқа да нысандарының мемлекеттік қадағалау органдарының пайдалануға қабылдауы, тексеруі және куәландыруы үшін дайындалуын қамтамасыз етеді. • Электр қондырғылары мен электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың орындалуын бақылайды. • Мердігерлік ұйымдармен жабдықты жөндеуге шарттар жасасу үшін қажетті материалдарды дайындайды. • Электр жабдықтарын мерзімді тексеру және техникалық қызмет көрсетудің орындалуын қадағалайды. • Энергетикалық жабдықтарды күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылайды. • Кәсіпорын нысандарында қажетті қорғаныс құралдарының жинақталуын қадағалайды. Заманауи қорғаныс құралдарын қолданудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерттейді және бөлім басшысымен келісімдер жасайды және бұйрықтар береді. • Жауапкершілік шеңберіндегі компания процедураларын, саясаттары мен нұсқауларын құрастырады, қарастырады және келіседі. • Жедел электр персоналына және жөндеу электр персоналына үміткерлермен әңгімелесуге қатысады. Үміткерлермен әңгімелесу нәтижелері бойынша кері байланыс береді. . • Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану мен үнемдеудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді және жинақтап қорытады. • Энергетикалық қондырғылар мен желілерді пайдалану және жөндеу кезінде еңбекті қорғау ережелері мен норма-ларының сақталуын қамтамасыз етеді. • Бекітілген нысандар мен көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындайды. • Энергетикалық жабдықтарға арналған стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысады. • Релелік қорғаныс және автоматика құралдарын тексеру мен сынауды ұйымдастырады. • Энергия қажеттіліктерін ескере отырып, ұйым бөлімшелерінің жұмыс режимін, шығын нормаларын әзірлеуге қатысады. Менеджер қосымша тағайындаған басқа да тапсырмаларды орындау.
∙ Электр жұмыстары, энергетика саласы бойынша жоғары білімі. ∙ Ұқсас лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. ∙ Мұнай -газ жобаларындағы жұмыс тәжірибесі.
Ақтау 5/2 ҚР азаматтары үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі
Болашақ – Атырау компаниясындағы Халықаралық әйелдер күні
Алғыс айту күні
Кез келген компанияның өмірі тек кәсіби бағыттармен шектелмейді.