kz
RU EN

I-ші сыныпты дәнекерлеу жөніндегі маман –5 ші разряд электрмен дәнекерлеуші

6773
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 14 x 14 (12 hours)
Байланыс тұлғасы Dana Azidollayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаның қорғалуын (ҚТ және ҚОҚ) қолдаушы, әрдайым осы салада көшбасшылыққа ұмтылады. ТШО Өндірісін Оңтайландыру стратегиясын қолдау бойынша әлемдік деңгейдегі көрсеткіштерге жету мақсатында қауіпсіздік техникасының жүйелік ұстануына, қоршаған ортаның қорғалуына, денсаулықтың қорғалуына мүмкіндік туғызады, сенімділік пен тиімділікті қамтамасыз етеді. Аса күрделі аппараттардың, тораптардың, конструкциялардың және көміртекті, қоспалы, жоғары қоспалы болаттан, шойыннан және түрлі-түсті металлды құбырлардың дәнекерлеу жұмыстарын орындайды, сонымен қатар жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған дәнекерлеу дағдылары болуы. Дәнекерлеу қуат көзінің басқару схемаларының түбегейлі құрылымын біледі. Дәнекерлеудің технологиялық үдерісіне сай (WPS) шұғыл жұмыс жоспарын құрады. ТШО-да қолданылатын негізгі WPS-терді біледі. Шеврон және ТШО-да аттестацияланған жаңа WPS-тердегі маңызды ақпараттарды өздігінен оқи және шығара алады. Жаңа WPS-тердің аттестациялау үдерісін түсінеді және PQR-ды дайындау үшін қатысуға дайын болады. Дәнекерлеу тобында өзінің өзекті рөлін түсінеді және жүзеге асырады. Қызметтес дәнекерлерге дәнекерлеудің жаңа түрлері мен әдістерін игеруіне көмектеседі және түсіндіреді. Өз қызметін бақылау мақсатында кері байланысты қолданады. Эскиздерді және сызбаларды түсінеді, дәнекерлеу терминологиясын біледі. Ауыспалықты алмастырушысына толықтай және сапалы түрде тапсырады. Жабдықтардың және құрал-саймандардың сақталуын және дұрыс қолдануын қамтамасыз етеді.
• ҚР азаматы болу • Мамандандырылған кәсіптік-техникалық оқу орнын бітіргендігін растайтын ҚР мемлекеттік үлгілі дипломының болуы. • Мұнай және газ саласында мамандығы бойынша 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, басымдылығы BB, FGP, NCOC, KPO қаралады. • Бұрынғы жұмысынан мұнай және газ саласында дәнекерлеу қызметін атқаруға рұқсатын растайтын ҚР I-ші деңгейдегі дәнекерлеу өндірісінің маманы деген аттестациялық куәлігінің болуы. • Жеке компьютерді қолдану дағдысының болуы.
Теңіз 14/14 ҚР азаматтары үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.