kz
RU EN

Стацинарлы жабдық инспекторы

5035
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Svetlana Chzhen
E-mail Svetlana.Chzhen@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Лауазым Жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету тобының құрамына кіреді. Ол Құбыржолдар және тоттанудан қорғау тобы жетекшісіне және Кеніш бойынша жетекші инспекторына бағынады. Негізгі лауазымдық міндеттеріне келесі кіреді: • Кеніш құбыржолдарында, зауыттың сыртқы құбыржолдарында және технологиялық құбырларда көзбен шолып тексеру жүргізуге жауапты болу. Тексеру және жоспарлау бойынша қажетті ақпаратты ROAIMS және Capstone дерекқорларына еңгізу. • Жобалық құжаттаманы, жұмыс үрдісі жағдайларын және тексеру бойынша деректерді бағалай отырып, қырылатын және қырылмайтын құбыржолдардың техникалық жай-күйі және оларды пайдалану туралы барлық қажетті ақпаратты бақылау және жазу. • Жабдықтардың нашарлау (тозу) деңгейін және ықтимал жаңылуын анықтау үшін олардың тұтастығын және оларға тоттанудың ықпалын бағалау. Сәйкессіздіктеді жою үшін іс-шараларды анықтау, сондай-ақ болашақ стратегиялар мен инспекциялау жоспарларын әзірлеу. • Тоттану механизмдерін анықтау және бағалау және жабдықтардың сенімділігіне байланысты мәселелерді шешу дағдыларына ие болу. • Құбыржолдардың орын алуы мүмкін ақаулықтарын талдауға қатысу (Өндірістегі қауіпті факторлар талдау). • Күнделікті жұмыс процедураларына бастамашылық ету және әдеттен тыс жұмыс үрдістеріне белсенді қатысушы болу. • ӨО (Өндірісті оңтайландыру) процестеріне қатысу және процестерді жақсарту жөнінде ұсынымдар беру. • ТШО Бағдарламасын, ТШО-ның инспекциялау стратегиясын және "Шеврон" компаниясының озық тәжірибесі мен процедураларын жүзеге асыруға жауапты болу. • Инспекциялық және бұзбай бақылау көлемін анықтау, қажет болған жағдайда күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге қатысу. • Жабдықтарды жөндеу және сапаны бақылау жөнінде ұсынымдар беру. • Нақты, егжей-тегжейлі және сандық инспекциялық ақпаратты электронды және қағаз түрінде жүргізуді қолдау. Магистралды және технологиялық құбыржолдар жөніндегі құжаттаманы жүргізу және құжаттамаға жазылған жазбаларды жаңарту. • Кеніштегі модификациялау жұмыстары мен жөндеу жұмыстарының сапалық стандарттарына және спецификацяиларға сәйкестігін бақылау. •Топтың тәжірибесі аздау мүшелерін оқыту және олардың дағдыларын дамыту
Қазақстан Республикасының азаматтығы - ТШО-ның жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістерін және жұмыстың қауіптілік деңгейін талдау (ЖҚДТ) процедураларын, ҚІҚБ-ды, жұмысқа рұқсат қағазын және т.б. білу. - Тексеру мен бұзбай бақылау бойынша негізгі жұмыс көлемін білу. - Жобалаудың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ кеніштік және зауыттың сыртқы құбыржолдарының негізгі компоненттерін білу. - Жемірілулік зақымды бағалауды жүргізе білу және зақымның ықтимал себебін анықтау. Құбыржолдарға ықпалын тигізетін жемірілулік зақымның одан әрі дамуына жол бермейтін шаралар. - Тәуекелдерді бағалаудың қағидаттары мен әдістерін білу. - API/ASME стандарттарының негіздерін, сондай-ақ ыдыстар мен құбыржолдарға қатысты ҚР мемлекеттік стандарттары мен ережелерін білу. - Ағылшын тілін бастапқы деңгейде білуі тиіс (ТШО-ның бағалау шәкілі бойынша 1 – 3) (техникалық терминдерді білу) - «В» санаттағы жүргізуші күәлігінің бар болуы.
Tengiz 28/28 ҚР азаматтарына арналған

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.