Стационарлы жабдық бойынша инспектор
3876
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Lida Kaldygulova
E-mail Lida.Kaldygulova@bolashak.com
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Lida Kaldygulova
E-mail Lida.Kaldygulova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Лауазым жабдық сенімділігін қамтамасыз ету бөлімінің құрамына кіреді, стационарлы жабдық сенімділігін қамтамасыз ету бөлімі басшысына бағынып, жұмыс тапсырмаларын стационарлы жабдық сенімділігін қамтамасыз ету бөлімі ага инспекторынан алады. Негізгі лауазымдық міндеттеріне келесілер кіреды:
- Кәсіпорынның ішкі бұйрығына сәйкес өз қарамағындағы инспекторларға бекітілген қысым арқылы жұмыс істейтін қазандықтардың қауіпсіз пайдалануы мен жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.
- стационарлы жабдықтың жұмыс күйін тексеру, техникалық диагностика мен бұзбайтын бақылау қорытындыларын талдау, қалған пайдаланым уақытын анықтау шараларын өткізу, сонымен қатар қауіп-қатер деңгейі мен ҚР нормативтік талаптарына сәйкес инспекция өткізу мерзімділігін анықтау.
- стационарлы жабдық тұтастығын қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуын қадағалау.
- стационарлы жабдықтың қауіпті себепшарттарын бағалау мен қауіп-қатер деңгейін талдау шараларына қатысу.
- стационарлы жабдықтың келешекте пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында ТШО-ның қысым арқылы жұмыс істейтін қазандықтарының техникалық сараптамалану ережелеріне сай 1-ші (бастапқы) деңгейлі талдау жасау.
- инспекциялық есептемелер, жөндеу жұмыстарына қатысты ұсынымдар мен жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларын әзірлеу және шығару.
- пайдалану маңыздылығы мен байланысты қауіп-қатерлерді ескере отырып, ақауларды талдау мен жөндеу жұмыстарына қатысты ұсынымдар әзірлеу шараларына қатысу. ҚР нормативтік талаптары мен болжамдарды ескере отырып, жоспарлы күрделі жөндеу барысында орындалатын жұмыс көлемін анықтау және инспекция жоспарын әзірлеу.
- орындауға ұсынылған жөндеу ұсынымдарының атқарылуын бақылау.
- жобалау мәліметтері мен стационарлы жабдықты тексеру қорытындыларын Capstone мәлімет базасына енгізу / жаңалау / талдау.
- есеп құжаттамаларының (ішкі тексеру/сыртқы тексеру қорытындылары, жалпы есеп, бұзбай бақылау қорытындылары және т.с.с.) толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету.
- өз қарамағындағы инспекторлар жауапты әр жабдық құжаттамаларының (электронды файлдар және қатты папкалар) толымдылығы мен реттілігін қамтамасыз ету.
- Capstone базасындағы мәліметтердің толықтығы мен анықтығын бақылау.
- орындау құжаттамаларын тексеру бағдарламасына бейімдеу процессін (жаңадан орнатылған немесе алмастырылған жабдық мәліметтерін, немесе қолданыстағы жабдақты модификациялау жұмыстарына қатысты мәліметтерді Capstone базасына, жабдықты бұзбай бақылау бағдарламасына енгізу, жабдық схемалары және т.с.с.) бақылау.
- өз қарамағындағы инспекторларынан жоспарланған модификациялау жұмыстары, жөндеу жұмыстары, жабдықты алмастыру және жаңа жабдық орнату жұмыстары құжаттамаларының жиынтығын тексеру қорытындыларын қабылдау. Құжаттардың жобалық нұсқаларын инспекторлық бөлімінің ұсынымдарына сейкестігін тексеру, бұзбай бақылау көлемінің жеткіліктілігін тексеру, сонымен қатар инспекциялық жазбаларын тексеру - жазбаларда көрсетілген мәселелердің жоспарланып отырған жобаларды орындауға бөгет болмайтынына көз жеткізу.
- жабдықты бұзбай бақылау жұмыстарының (қалыңдықты өлшеу, мониторинг, ішкі тексеру барысындағы бұзбай бақылау жұмыстары көлемі және т.с.с.) уақыттылылығы мен толықтығын қамтамасыз ету
- жұмыс тәжірибесі аз инспекторларға тәлімгерлік көрсету, үйрету.
- ТШО-ның жұмысты қауіпсіз атқару тәсілдерін және жұмыстың қауіп-қатерін талдау тәртәбін, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу тәртібін, өзгерістерді бақылау құралын және т.б. білу.
- ТШО зауыт нысандарын пайдалану және/немесе оларға техникалық қызмет көрсету қағидаларын білу
- стационарлы жабдықты пайдалану, тексеру және жөндеу жұмыстарына қатысты ҚР нормативтік құжаттамаларды жақсы білу, олармен іс жүзінде жұмыс жасау
- келесідей бұзбай бақылау тәсілдерін білу және/немесе қолдану тәжірибесі: көзбен бақылау- өлшеуіш бақылау, радиографиялық бақылау, ультрадыбыстық бақылау, магнитті-ұнтақты бақылау, капиллярлық бақылау, қаттылықты өлшеу және т.б. (РБ, УДБ, МҰБ, КБ)
- стационарлы жабдықты дайындауда және жөндеуде қолданылатын құрылыс материалдарын білу
- стационарлы жабдықты пайдалану, тексеру, жөндеу жұмыстарына қатысты API/ASME/NACE/AWS тәрізді негізгі ережелер мен стандарттарын білу
Тенгиз 28/28
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.

Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.

Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.

KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.