Қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелерінің инженер-жобалаушысы
3832
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Aidana Satenova
E-mail aidana.satenova@bolashak.com
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Aidana Satenova
E-mail aidana.satenova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
• ТШО инженерлік порталында жұмыс істейді, іздейді, қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелерін енгізуге қажет қазіргі инженерлік сызбаларды зерттейді және жаңартады.
• Жобалау және құрылыс, Ақпаратты Басқару, ИТ (Телеком), Өндірісті Пайдалану және басқа бөлімдердің дисциплиналары бойынша жобалау процестеріне қатысатын жауапты инженерлермен өзара әрекеттеседі.
• Қазіргі қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелерін жақсартуға бағытталған инженерлік бастамаларға қатысады.
• ҚҚ ұсынысы негізінде жаңа қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелерін жаңарту, жақсарту және енгізу жоспарын құрады.
• ҚҚ ұсынысы бойынша қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелері енгізілетін компанияның басқа бөлімдердің жобаларына қатысты технологияларды және шешімдерді таңдауға қатысады.
• ҚҚ нормативтеріне, ТШО инженерлік стандарттарға және процедураларға сәйкес қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелері бойынша техникалық сипаттама дайындайды.
• ҚҚ атынан техникалық және коммерциялық ұсыныстарды бағалауға кеңесші ретінде қатысады. Қауіпсіздік және күзет техникалық жүйелері бойынша бизнес-серіктестер ұсынатын инженерлік шешімдерді қарастарыды, өз пікірін білдіреді және келіседі.
• Орыс және ағылшын тілдерінде қосымшаларда техникалық байқау нәтижелері бойынша есептерді, эскизді жобаны және жұмыс пакетін жасау және дайындау секілді жұмыс құжаттарына жауап береді.
• Қауіпсіздік және күзет жабдықтарын қондырмастан бұрын және қондырғаннан кейін сынау-тексеру жұмыстарына қатысады.
• Жоба құжатының дұрыстығын және сапаны тексере отырып нысанда жабдықты қондыру және іске қосу жұмыстарын басқарады
• Бизнес-серіктестің құжатын және орнатылған жабдықты іске қосуды қабылдап, тапсыруға жауапты.
• Қауіпсіздік және күзет жүйелеін енгізу туралы жиналыстарға және конференцияларға ТШО ҚҚ Техникалық Қолдау Тобының өкілі және кеңесшісі ретінде қатысады.
• Радиотехника және байланыс, бақылау-өлшеу жабдығы, электротехника және электроника саласында бакалавр дәрежесі болуы.
• Осы салада 3 және одан көп жыл жұмыс өтілі болуы. Мұнай және газ саласында болса артығырақ болады.
• CAD (AutoCAD) бағдарламалық қосымша пакетімен, Word, Visio, Excel, электронды поштамен жұмыс істей білу.
• Радиотехника, байланыс, электротехника, электроника, бейнебақылау, периметрді қорғау және рұқсатнаманы бақылау жүйелерін және жабдықтарын жобалау, салу және іске қосу тәсілдерін білу. Өндірістік қауіпсіздік саласында ҚР инженерлік нормативтерін, стандарттарын және процедураларын білу және қолдана алу міндетті болып табылады.
• Кәсіпорындардағы ақпаратты қорғау ережелерін білу.
• Қауіпсіздік және күзет жүйелері саласында өз бетімен даму және білімін жетілдіру.
Tengiz 28/28
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.

Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.

Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.

KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.