kz
RU EN

SEFTEC GLOBAL TRAINING - KIOSH 2026 НЕГІЗГІ НАЗАРЫНДА

28–30 сәуірде Астана қаласында 14-ші Қазақстандық халықаралық еңбек және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне байланысты KIOSH 2026 конференциясы мен көрмесін біріктірген ауқымды салалық іс-шаралар кешені өтті.

Seftec Global Training-тің қауіпсіздік, еңбекті қорғау және сапа жөніндегі менеджері Салтанат Кенжеғалиева Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі салалық алаңда спикер ретінде сөз сөйледі. Форум аясында 62 халықаралық сарапшының қатысуымен 11 арнайы сессия өтті. Сонымен қатар, Bolashak Group атынан форумның іскерлік бағдарламасына Коммерциялық директор Эдельвейс Темірғалиева қатысты.

Seftec Global Training жоғары қауіпті жұмыстардың бірі саналатын Жабық кеңістікте жұмыс істеуге арналған 40 минуттық тренинг-сессия өткізді. Тренинг барысында негізгі тәуекелдер, оның маңызды кезеңдері қарастырылып, нақты тәжірибеден алынған кейстер талданды.

Компанияның баяндамасы кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдері, HSE-көшбасшылықты дамыту және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін қамтыған форумның негізгі күн тәртібімен үйлесімді болды.

«Сапалы оқыту – тұйық кеңістікте жұмыс істейтін маман үшін берік негіз. Ең басты мақсат – қызметкердің сол жерден аман-есен шығуын қамтамасыз ету. Біздің оқу орталығында мамандарды дайындау барысында төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударамыз, себебі дәл осы дағдылар мұндай жағдайда аса маңызды», – деп атап өтті Салтанат Кенжегалиева.

KIOSH конференциясына қатысу Bolashak Group стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл кәсіби диалогты дамытуға, HSE саласындағы халықаралық тәжірибемен алмасуға және өнеркәсіптегі қауіпсіздік стандарттарын арттыру мен мамандардың құзыретін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.


Seftec Global Training – 18 жылдан бері еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіби даярлау және талаптарға сәйкестікті бақылау салаларында кешенді шешімдер ұсынып келе жатқан қазақстандық компания.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.