kz
RU EN

BOLASHAK GROUP ИНДУСТРИЯЛЫҚ ХАБ АЛАҢЫНДА

Atyrau Oil&Gas 2026 және AtyrauBuild 2026 жылдан-жылға ірі салалық алаң ретінде мұнай-газ химиясы қауымдастығы үшін маңызды тартым орталығына айналып келеді.

Аталған көрмелер дәстүрлі түрде нарық көшбасшыларын бір арнаға тоғыстырып, бизнес, мемлекет пен халықаралық серіктестер арасында технологиялық мұнай-газ химиясын дамыту мен оның инвестициялық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша ашық диалог алаңын қалыптастырады. Биыл 9 елден келген 85 компанияның қатысуы Каспий өңіріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айқындады.

Bolashak Group командасы іскерлік бағдарламаға белсенді қатысып, серіктестік байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу мен саладағы трансформациялық үдерістерді қолдауға дайын екенін көрсетті. Негізгі мақсатымыз - жергіліктендіруді дамытып, кадрлық әлеуетті арттыру және қарқынды дамып келе жатқан секторға заманауи шешімдерді енгізу.

Қарқынды өзгерістер дәуірінде мұндай іс-шаралар индустриялық хабтың маңызды индикаторына айналуда. Дәл осы алаңдарда нарықтың болашақ бағытын айқындайтын және алдағы жылдарға бағдар беретін күн тәртібі қалыптасады.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.