BOLASHAK GROUP – САЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР АҒЫНЫНДА
Bolashak Group өкілдері 13 наурыз Атырау қ-да өткен III жыл сайынғы Petrologistics, Rental & Transportation-2026 конференциясына қатысты. Бұл іс-шара мұнай-газ және логистика саласының жетекші өкілдерін бір алаңға жинады.
Конференцияда Транскаспий бағытын қоса алғанда, көлік дәліздерін дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту мен логистика саласын цифрландыру мәселелері талқыланды. Сала қарқынды өзгеріп жатқандықтан, мұндай алаңдар мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік береді.
Bolashak Group үшін кәсіби диалогқа қатысу - тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстарды нығайтып, кешенді жобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді анықтауға жол ашады.
Біз өз серіктестіктерімізбен ара-қатынасты нығайтып қана қоймай, жаңа әріптестік байланыстарды дамытуды жалғастырып, ел экономикасының тиімді әрі тұрақты дамуына өз үлесімізді қосуды мақсат етеміз.
Тағы жаңалықтар
МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.
