BOLASHAK GROUP ІСКЕРЛІК АЛАҢДА
Bolashak Group өкілдері жетекші оператор NCOC өткізген іскерлік кездесуге қатысты.
Дөңгелек үстел PetroCouncil одағының ұйымдастыруымен жүргізіліп, жергілікті қамтуды дамыту және қазақстандық компаниялар мен оператор арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық аспектілерін талқылау алаңына айналды.
Қатысушылар сапалы диалогтың маңыздылығын және ұзақ мерзімді серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін іс-шара барысында атап өтті. Ашық форматта пікір алмасып, сала үшін аса өзекті мәселелер талқыланды.
Біз үшін мұндай кездесулерге қатысу - саланың жетекші компанияларымен кәсіби байланыстарды нығайтуға, нарықтың ағымдағы басымдықтарын тереңірек түсінуге және жергілікті қамтуды дамыту шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Тағы жаңалықтар
МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.
