kz
RU EN

«Орталық Азия мен Каспий өңірінің мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» саммиті

18-19 қыркүйекте Астанада мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларының топ-менеджерлерін, әлемдік лицензиарлар мен қазақстандық нарық көшбасшыларын біріктірген "Орталық Азия мен Каспий өңірінің мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу" 11-ші жыл сайынғы саммиті өтті. 

Қазақстанның мұнай-газ секторы үшін кешенді шешімдерді ұсынуда көшбасшысы болып танылған Bolashak Group, еліміздің мұнай-химия саласын дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып, озық шешімдер мен кәсіби қызметтерді көрсету бойынша сенімді серіктес ретінде қалуға ұмтылады. Бұл іс-шарада компанияны Бас Директор - Алма Нсанбаева мен Коммерциялық Директор - Эдельвейс (Эля) Темірғалиева таныстырды. 

Саммитте Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі мұнай-химия өнеркәсібінің өсу стратегиялары, құрылыс пен жаңғыртудың жаңа жобалары, энергетикалық қауіпсіздік, энергияға сұраныстың жаһандық түрде өсуі және басқа да мәселелер талқыланды. 

Конференция саланың дамуы мен инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ете отырып, операторлар мен жеткізушілердің өзара әрекеттесуі үшін өзіндік платформаға айналды.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.