kz
RU EN

«Kazdrilling Upstream of Kazakhstan» конференциясы

2024 жылдың 2 сәуірінде Болашак Групп командасы «Kazdrilling Upstream of Kazakhstan» атты екінші жыл сайынғы қазақстандық конференциясына қатысты.

2024 жылдың 2 сәуірінде Болашак Групп командасы «Kazdrilling Upstream of Kazakhstan» атты екінші жыл сайынғы қазақстандық конференциясына қатысты. Форумда пайдалы қазбаларды игеруге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, мұнай өндіруші ұйымдарға салынатын салық жүктемесінің жоғары болуына алаңдаушылық білдірілді.

«Petromining» қауымдастығының президенті Саят Боранбеков соңғы 5 жылда мұнай өндіру көлемінің 17% - ға төмендеуіне әр түрлі факторлардың, соның ішінде инвестицияның аздығына байланысты өз тұжырымдамалары жайында бөлісті. Сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы экономикалық жағдайды жақсарту және жергілікті қамту мен жұмыс көлемін ұлғайту арқылы мұнай қызметтеріне мультипликативтік әсерді ілгерілетуге жәрдемдесу қажеттілігі атап өтілді.

Форум аясында энергетика Министрлігінің құрмет грамоталарымен және медальдарымен марапаттау рәсімі өтті. Болашак Групп Бас Директоры Нсанбаева Алма Мұратқызы саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.