kz
RU EN

Мансапқа жеткізер сәтті бастама

Осы жылдың мамыр айында «Болашақ Атырау» компаниясы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3-4 курс студенттеріне, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі және Оңай Қошайбеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері үшін мастер-класс өткізді.

Осы жылдың мамыр айында «Болашақ Атырау» компаниясы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3-4 курс студенттеріне, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі және Оңай Қошайбеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері үшін мастер-класс өткізді.

Іс-шаралар студенттерді мансапты сәтті бастауға дайындауға бағытталған. «Болашақ Атырау» сарапшылары мен Мамандарды іріктеу бөлімінің Менеджері Айнұр Давлетова студенттерге тартымды және тиімді түйіндемені жасау жолдары туралы баяндап берді. Түйіндеменің құрылымының негізгі элементтері, назар аударатын маңызды сәттер мен жиі кездесетін қателіктер жайында терең талқыланды. Студенттерге жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді. Әр қатысушының түйіндемесін жақсарту бойынша жеке ұсыныстар берілді. Бұл студенттерге өздерінің мықты жақтарын қалай көрсету керектігін жақсы түсінуге септігін тигізді.  

Қатысушылар арасында ерекше қызығушылық тудырған мастер-класстың маңызды сәттерінің бірі «Болашақ Атырау» компаниясында тағылымдамадан өту ұсынысы болды. Айнұр тағылымдамадан өту бағдарламалары мен өтінім беру процедурасы туралы толық ақпарат беріп, бұл студенттерге өз мансабын аймақтың жетекші компаниясындағы тәжірибеден бастауға тамаша мүмкіндік екенін ескеріп өтті. 

Барлық түлектерге дипломдық жобаларын сәтті қорғауды және өз арманындағы жұмысын табуды тілейміз, ал алған білім мен кеңестер бұған міндетті түрде көмектеседі!

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.