kz
RU EN

Балалардың көзімен нұрланған әлем

1 маусым күні көптеген елдерде балалар күніне арналған түрлі іс-шаралар әзірленеді: қайырымдылық концерттері мен фестивальдар, сурет көрмелері, театралдық көріністер және көптеген басқа да шаралар өткізіледі.

1 маусым күні көптеген елдерде балалар күніне арналған түрлі іс-шаралар әзірленеді: қайырымдылық концерттері мен фестивальдар, сурет көрмелері, театралдық көріністер және көптеген басқа да шаралар өткізіледі.

Жыл сайын бұл күні Болашақ групп кеңсе қызметкерлерінің балалары үшін дәстүрлі мерекелік концерт дайындайды. Бағдарлама құрамында жарқын ойындар мен қызықты байқаулар, аниматорлармен көңілді билер, сыйлықтар мен тәттілер де ескеріледі. Бірақ ең бастысы – бұл әр баланың көзіндегі шынайы күлкісі мен қуанышы.

Сондай-ақ, компания тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға және қиын өмір жағдайларына тап болғандарға ерекше көңіл бөлінеді.

Бірнеше жыл бойы біздің компания Атырау қаласының №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына демеушілік көмек көрсетіп келеді. Біз әртүрлі функционалдық және когнитивті бұзулары бар балаларды әлеуметтендіру, оқыту және дамыту үшін ыңғайлы және қауіпсіз кеңістік құруға тырысамыз. Осы жылы біз орталық әкімшілігінен ән мен би, қойылымдар мен балалардың шынайы күлкісі мен қуанышына толы мерекелік концерттің қонағы болуға шақырулар алдық.

1 маусым - бұл тек балалар мерекесі ғана емес, бұл біздің әр бала бақытты және дені сау болып өсе алатын әлем кеңістігін құруға деген ниетімізді, олардың құқықтарын қорғау принциптеріне деген адалдығымызды растайтын күн.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.