kz
RU EN

ТОП-75 рейтингі

29 тамызда Атырау қаласында өткен Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орайластырылған "Топ-75 рейтингі" атты іс-шарасы мұнай-газ саласындағы ең ықпалды 75 адамның тізімін ұсынды.

29 тамызда Атырау қаласында өткен Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орайластырылған "Топ-75 рейтингі" атты іс-шарасы мұнай-газ саласындағы ең ықпалды 75 адамның тізімін ұсынды. Болашақ-Атырау және SEFtec Global Training компанияларының Бас Директоры Нсанбаева Алма Мұратқызының осы тізімге еніп, саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Энергетика Министрлігінің медалімен марапатталғанын мақтанышпен хабарлаймыз.

"Новус Болашақ" серіктесіміздің қолдауымен «Қазсервис» мұнай сервистік компаниялары одағы ұйымдастырған іс-шара мұнай өнеркәсібінің негізгі жетекшілерінің рөлін атап қана қоймай, алдағы перспективаларды талқылау алаңына айналды. Сондай-ақ, Болашақ-Атыраудың кәсіби кадрларды оқытуға және дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болғанын қуана хабарлаймыз. Біздің еңбегіміз бен сапаға деген ұмтылысымыздың жоғары бағаланғанын мақтан тұтамыз.

Іс-шараға ірі мұнай-газ операторларының топ-менеджерлері, мемлекеттік органдар мен мұнай сервистік компанияларының өкілдері қатысты. Осындай маңызды шараны ұйымдастырған «Қазсервис» ұжымына алғысымызды білдіреміз. Бұл марапат бізді жаңа табыстар мен жетістіктерге шабыттандыратынына кәміл сенеміз.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.