kz
RU EN

“PetroDecarbonization 2024” форумы

21-ші маусым күні Ақтау қаласында PetroCouncil мұнай-газ кеңесімен ұйымдастырылған Қазақстандағы алғашқы "Decarbonization-2024" конференциясы өтті.

21-ші маусым күні Ақтау қаласында PetroCouncil мұнай-газ кеңесімен ұйымдастырылған Қазақстандағы алғашқы "Decarbonization-2024" конференциясы өтті. Іс-шараға республиканың профильдік министрліктерінің, жетекші мұнай-газ операторларының, ұлттық және мұнай сервистік компаниялар мен қауымдастықтарының басшылары мен өкілдері қатысты. 

Біз үшін аталған конференция елеусіз қалмады: бұл шараға Bolashak group компаниясының коммерциялық директоры Эдельвейс (Эля) Темірғалиева қатысқан болатын. Форумда ЖЭК дамыту, төмен көміртекті отын, көміртекті ұстау және метанды анықтау технологиялары, алауды жағуды азайту, энергия тиімділігі, цифрландыру, электрлендіру, электромобильдер және "жасыл" сатып алулар секілді энергетикаға көшудің негізгі мәселелері талқыланды. 

Конференция нарықтың негізгі лидерлерімен іскерлік байланыс орнату үшін бірегей мүмкіндік ұсынды. Мұндай формат іскерлік қатынастар мен өзара әрекеттесу тиімділігін жақсартуға ықпал етеді. 

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.