kz
RU EN

PetroMaintenance 2024

20 қыркүйек Атырау қаласында мұнай-газ секторының ірі операторлары мен көшбасшыларын, сондай-ақ сервистік компанияларын біріктірген жыл сайынғы «PetroMaintenance 2024» форумы өтті.

Іс-шарада мұнай-газ жобаларында, МӨЗ және мұнай-химия кәсіпорындарында техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу (ТҚКЖ) жоспары, өнеркәсіптік қауіпсіздік және активтердің тұтастығын сақтау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. 

Bolashak Group компаниясы ТҚКЖ жұмыстарын дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып келеді. Новус Болашақ екінші жыл қатарынан осы форумның серіктесі, ал биыл Күміс серіктес мәртебесінде болды. Bolashak Group мамандарды іріктеу бөлімінің және Алматы қаласындағы филиалының директоры Светлана Жалковская мұнай-газ саласында өнеркәсіпке арналған мамандандырылған шешімдер туралы баяндама жасады. 

«PetroMaintenance 2024» форумы саланы одан әрі дамытудың сын-тегеуріндері мен перспективаларын талқылау үшін қатысушыларды біріктіре отырып, тиімді ТҚКЖ жүргізумен мен активтердің сенімділігінің маңыздылығын атап өтті.

Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Petrocouncil одағына алғысымызды білдіреміз.

Тағы жаңалықтар

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.