kz
RU EN

Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі

Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі

Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі. Оны Азия мен Еуропадағы миллиондаған адамдар атап өткізеді. Көктемгі мереке - жаңарудың, жаңа өмірдің туындауының, жаңа мүмкіндіктердің символы. Ол құнарлылыққа, махаббат пен достықтың салтанатына арналды. Наурыз — барлық жамандық пен жағымсыз нәрселер ескі жылда қалатынын, ал көктемде барлық жарқын және қуанышты нәрселер қайта жанданатынын еске салады. Наурыз – бұл барлық адамдар Жаңа жылды қарсы алу және бір-біріне өркендеуді тілеу үшін жиналатын уақыт. 

 

Біздің компанияда Наурыз мерекесі естен кетпейтіндей болып аталды. Қызметкерлер мереке құрметіне ұйымдастырылған концерт кезінде ән салуда, би өнерлерін көрсетуде, ұлттық рәсімдерді өткізуде өз дарындарын көрсетті. Бұл Болашақ Атыраудың жыл сайын киіз үй орнату, Наурыз мерекесін дүркіретіп, жарқын және көңілді етіп атап өту дәстүріне айналды, бұл мерекеге барлығы атсалысып, қатысты. Концерттен кейін барлығы қазақтың дәмді тағамдары мен сусындарынан дәм татты. 

 

Наурызды атап өткізу керемет ғана емес, сонымен қатар біздің компанияда барлығымызды біріктіретін маңызды оқиға. Біз ұлттық дәстүрлерімізді мақтан тұтамыз және осындай керемет іс-шараларды өткізу арқылы оларға қолдау көрсетуге қуаныштымыз.

 

Наурыз құтты болсын!

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.