kz
RU EN

Болашақ – Атырау компаниясындағы Халықаралық әйелдер күні

Биылғы жылы дәстүр бойынша Болашақ-Атырау компаниясының ерлер ұжымы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау үшін нәзік жандарға арналған мереке ұйымдастырды.

 

Болашақтың ханымдарын мерекелік таңертенгі уақытында кеңсеге кіре берісте әдемі гүл шоқтары, музыка және құттықтаулар, сондай-ақ жұмыс орындарында олар үшін арнайы дайындалған ерекше таңғы ас түрінде жағымды тосын сый күтіп тұрды.

 

Күні бойы компанияда жағымды және мерекелік атмосфера орын алды, мерекені есте қалатындай етіп өткізу үшін ер адамдар live-band сүйемелдеуімен өздері өнер көрсеткен концертті дайындап, ұйымдастырды. Осылайша, Болашақ-Атырау компаниясының ерлер ұжымы ханымдардың компания табысына қосқан үлестерін мойындай отырып және көктем мерекесінің ортақ атмосферасын тамашалай отырып, қыз-әріптестеріне көңіл бөлуге, ризашылыққа, қамқорлық пен құрметке толы тамаша мереке ұйымдастырды. 

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.