kz
RU EN

Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі

Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.

Әрине, денсаулық туралы жылына бір күн емес, ол туралы үнемі ойлау қажет. Ал мұндай мереке денсаулығыңызға назар аудару қажет екенін есіңізге салады.

 

Сондай-ақ сәуірдің 28-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Біздің компания Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына ерекше назар аударады және Біз үшін - бұл қызметкерлерге де, барлық адамдарға да еңбекті қорғаудың маңыздылығы мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салудың тағы бір мүмкіндігі.

 

Осы екі мерекені біріктіре отырып, Болашақ-Атырау компаниясының ҚТ бөлімі ұжымдық таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастырды. Ауа-райы қолайсыздығынан (бұл күні шаң көп болды) жаттығуларымыз кеңседе өтті. Бұл күні әсерлі және позитивті атмсофера болды, оны Infinity тренажер залының жаттықтырушысы (@infinity.at) Светлана Сарсекенова (@ssarsekenova), фитнес және бодибилдинг колледжінің дипломы иегері, сонымен қатар сертификатталған пилатес және йога жаттықтырушысы, қолдап отырды.

 

Жалпы айтқанда, біздің Компания спортқа жақын, біз қалалық марафондарға үнемі қатысамыз, біздің жігіттер мезгіл сайын футбол және басқа да спорттық ойындарға қатысып тұрады, көптеген қызметкерлеріміз жүгірумен айналысады. Дүниежүзілік денсаулық күні біздің үлкен және тату ұжымымыз үшін бірге спортпен шұғылдануға сылтау болды.

 

Егер сіз де спортпен шұғылдансаңыз, лайк басыңыз.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.