kz
RU EN

«Болашақтың» әйелдер батальоны!

Болашақ Атырау тобы кезекті ерлер мерекесі - Отан қорғаушылар күнін және еліміздің басты мерекелерінің бірі - Жеңіс күнін атап өтті.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Біз бейбіт аспанымызды, халқымыздың тыныштығын, еліміздің ар-намысы мен қадір-қасиетін Қазақстан армиясының жауынгерлері: сарбаздар, ұшқыштар, танкистер, шекарашылар мен теңізшілер қорғайтынын жақсы білеміз. Бұл адамдар үшін «ант» деген сөз бос сөз емес. Өйткені Отансыз адам болмайды. Егер отанымыз, туған жеріміз, үйіміз болса, онда оларды қорғай алатын адамдар болуы керек, бұл - біздің сүйікті ер азаматтарымыз.

9 мамыр - Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күні. Біз майдангерлеріміздің ұлы ерлігін еске ала отырып, басымызды иеміз. Ата-бабамыз Ұлы Отан соғысындажеңу үшін жоғары баға төледі. Олардың қаһармандығын құрметтеу, бізге өмір сүру және жарқын болашақ құру мүмкіндігін берген адамдардың еңбегін мойындау - біздің ардақты борышымыз. Біздің жауынгер жеңімпаздарымызға мәңгілік даңқ!

Ұжымымыздың ер азаматтарын құттықтауды таң ертесімен бастадық. Әрбір кеңсеге кірген ер қызметкерге әскери киім киген қыздар бағаны құрмет көрсетті. Ерлерге салтанатты түрде «Қатысу міндетті!» белгісі бар шақыру қағазы ұсынылды. Кеңсенің әр қабаты әскери нышандары бар шарлармен және құттықтау плакаттарымен безендірілді. Патриотизм рухы кеңсенің әрбір бұрышында сезіліп тұрды.

Көңілді әрі әсерлі іс-шара «Шарм» балалар би тобының «Ромашковые поля» атты әдемі би нөмірімен басталды. Барлығымыз соғыс жылдарындағы әндерді орындап, концерттік бағдарламамызды соғысқа аттанатын жауынгермен қоштасып тұрған қыз туралы әдемі және әсерлі мюзиклмен жалғастырдық. Концерт аяқталған соң, ер азаматтарымызға естелік кәдесыйлар беріліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Тағы жаңалықтар

Мұнайшы күні
«Болашақ» компаниясы Мұнайшы күніне арналған бірқатар іс-шаралардың бас демеушісі , ал Қазақстанның Мұнайгаз Сервистік Компаниялар Одағы осы шаралардың
Құлсарыдағы бос қызмет орын жәрмеңкесі
Біз бұрын «Болашақ» компаниясының 24 тамыз күні Құлсары қаласында бос орындар жәрмеңкесін өткізетіні туралы хабарлаған едік.
Балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз мереке қарсаңында балаларға арналған іс-шара өткіздік.
Марафон
Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.