kz
RU EN

Таланттар жәрмеңкесі

26 сәуірде Болашақ-Атырау Алматының Менеджмент Университеті ұйымдастырған «Таланттар жәрмеңкесі» атты салтанатты шараға қатысты.

26 сәуірде Болашақ-Атырау Алматының Менеджмент Университеті ұйымдастырған «Таланттар жәрмеңкесі» атты салтанатты шараға қатысты. Іс-шара бүкіл Қазақстан бойынша таңдалған «2018 жылғы үздік студенттер» байқауының жеңімпаздарына арналды. Таңдау студенттердің қоғамдық өмірге қатысудағы белсенділігі және еркін тақырыптардың біріне әзірленген жазбаша эсселері негізінде жүргізілді. Қазақстанның ең ірі компанияларының жұмыс берушілері ең дарынды және белсенді жас мамандарға естелік сертификаттарын ұсынды. Студенттерді марапаттағаннан кейін жедел сұхбат үлгісіндегі Таланттар жәрмеңкесі өткізілді. Ол шараға тек жеңімпаздар ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері қатысты. Қатысушылардың арасында ҚазҰТУ, ҚБТУ, Нархоз, Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің және басқа оқу орындарының студенттері мен түлектері болды.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.