АУЭС Бос Қызмет Орын Жәрмеңкесі
24-ші сәуір күні Болашақ Атырау компаниясы Алматы Энергетика және Байланыс Университеті тарапынан өткізілген бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
24-ші сәуір күні Болашақ Атырау компаниясы Алматы Энергетика және Байланыс Университеті тарапынан өткізілген бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкеге қазіргі таңда букіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие «Автоматизация және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы мен бағдарламалық жасақтамалар», «Құрал жасау», «Жылу энергетикасы», «Электр энергетикасы», «Радио техникасы, электроника және телебайланыстар» мамандығы бойынша түлектер мен студенттер қатысты.
Олардың барлығы біздің қызметкерлерден сәтті жұмысқа тұру үшін түйіндемені дұрыс толтыру, оқу тәжірибесінен өту және бірнеше тілді жетік меңгеру қажеттілігі туралы тәжірибелік кеңестер алды. Төменгі курс студенттеріне ең қызықты және маңызды тәжірибе алу мүмкіндігін қамтитын, вахталық әдіспен шалғай жатқан аудандарда жұмыс жасауға қаншалықты әзір екендігі жөнінде осы бастан ойлану қажеттілігі, сондай-ақ қалған оқу жылдары барысында барлық күш-жігерді өз мамандығы бойынша және оқу қабырғасынан тыс студенттерге арналған түрлі кәсіпкерлік ассоциациялар, мамандандырылған көрмелер мен іс-шараларға қатыса отырып,тереңдетілген білім алу маңыздылығы туралы айтылды.
ЖОО мансап орталығының бос жұмыс орындар жәрмеңкесін тамаша ұйымдастырғанын және жұмыс берушілер мен түлектердің жемісті қарым-қатынасы үшін түрлі бағдарламалардың қамтамасыз етілгенін атап өткіміз келеді. Барлық АЭБУ студенттері мен түлектеріне оқуда сәттілік, ал оқытушылар құрамына жұмыс берушілерден өз тәрбиеленушілері жөнінде тек үздік пікірлерді естуді тілейміз.
Тағы жаңалықтар
МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.
